«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Облыстың дамуына серпін береді

Облыстың дамуына серпін береді
ашық дереккөз
Облыстың дамуына серпін береді

Жумагул ТолганбаевҚазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы мемлекеттік шекарадағы кедендік бақылаулардың алынуы екі ел арасындағы  сауда айналымын жандандырып, кәсіпкерліктің дамуына үлкен серпін беретініне сенім мол. Қырғыз елінде жеңіл өнеркәсіп өте жақсы дамығанын ескерсек, біздің нарықта сапасы жоғары тауарлар көбейеді. Бұл жағдай отандық кәсіпкерлерді сапалы өнім өндіріп, алпауыт та, азулы бәсекелестермен тең дәрежеде болуына итермелейді. Кедендік кедергілердің жойылуы тауар айналымына ғана емес, отандық туризмнің дамуына, жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне ықпал етеді. Бұл – екі елдің, оның ішінде облысымыздың экономикасының дамуына тың серпін беретіні анық.Еуразиялық экономикалық одақ аясында реттелген бұдан басқа да игілікті әрекеттер халық кәдесіне жарап, барыс-келіс, алыс-беріс көбейе түсетін болады. Кедендік құрылымдардың берген статистикалық мәліметіне сүйенсек, облысымыздың Қырғызстанмен тауар айналымы 2015 жылдың қаңтар-маусым айында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,1 пайызға артқан. Жалпы тауар айналымы 117,9 миллион АҚШ долларын құраған. Оның ішінде экспорттық тауарлардың үлесі – 58,7 миллион АҚШ доллар (жалпы экспорттың 67,9 пайызы). Импортқа тиесілісі – 59,2 миллион АҚШ доллары (жалпы импорттың 44,5 пайызы). Сондай-ақ, қырғыз елінде өндірілетін электр энергиясының 90 пайызға жуығы Қазақстанға экспортталады. Бұған қоса, көрші ағайындар экспорттайтын сүт өнімдерінің шамамен 60-70 пайызы біздің нарыққа жөнелтіледі екен. Ал Қырғызстанға астықтың шамамен 100 пайызы Қазақстаннан жеткізіледі. Алатаудағы ағайындардың сырттан алатын көмірінің 70-80 пайызы да Қазақстаннан тасымалданады. Бұл – Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясатымен жүзеге асып жатқан игі істердің жемісі.

Жолдығұл Тоғанбаев, аудандық кәсіпкерлік палатасының директоры.

Жамбыл ауданы.

Ұқсас жаңалықтар