Әзірбайжан мен Қазақстан арасын жалғайтын ғаламат көпір салынады
- author «Ақ жол»
- 17 тамыз, 2015
- 265
Жуырда Әзірбайжан мен Қазақстан арасын жалғайтын көпірдің құрылыс жұмыстары басталмақ. Қытайлықтар бұл бастамаға жеңін түре кіріскенге ұқсайды, деп хабарлайды Алматы телеарнасы “Іскерлер уақыты” бағдарламасы.
Халықаралық транскаспийлік көлік маршуртын толығымен іске қоспай жатып, Қытай жаңа құрылысты бастауға ниетті екендіктерін білдірген. Қазірдің өзінде аспан асты елі Қазақстан мен Әзірбайжанды байланыстыратын, Каспий теңізін басып өтетін көпір құрылысына дайындықты бастап кеткен.
Бүгінде құрлықтық трансмагистраль арқылы Қытайдан Еуроодаққа өтетін жүк тасымалы теңіз жолынан 100 есе аз көрінеді. Тіпті, Қытайдан Ресейге өтетін тауарлар да теңіз жолы арқылы жөнелтіліп жатыр.
Негізгі логистикалық инвестициялар да «Бирмин дәлізінің» көмегімен жүргізіледі. Санаққа жүгінсек, Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 17 миллиард доллардан асып жығылады.
“Әрине, қаржы дағдарысынан құтылдық деп айта алмаймыз. Әлі жалғасуда. Десек те Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан арасында 17 миллиард доллардың тауары айналған. Бұл үлкен жетістік деп білемін. Осындай қарқынмен қос мемлекет басшыларының жүктеген тапсырмасы орындалады, яғни тауар айналымы көрсеткіші 40 миллиард долларға жететін болады”, – деді Алматы қласы ҚХР Бас консулы Чжан Вэй.
Қытай дипломатының айтуынша, бастама арқылы инфрақұрылымды дамыту көзделуде. Әсіресе, Қазақстаннан Қытайдың Ляньюньгань, Үрімші және Ланьчжоу қалаларын байланыстыратын темір жолды төсеу жоспарланып отыр.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді