Бельгиялық танымал егіздер Питер және Пваулус Лангероктар 102 жасқа толды, деп хабарлады www.24.kz.
«Бір ғасырдан астам ғұмыр кешудің кілті - қызыл шарапта", - деп қалжыңдайды ағайынды Лангероктар.
Питер мен Паулус есімді егіздер бүгінде 102 жаста. Қазір олар қарттар үйінде бір бөлмеде тұрады. Гент қаласындағы пансионатқа осыдан 3 жыл бұрын үй шаруасымен айналысуға мүмкіндіктері болмаған соң көшкенін жасырмады. Себебі, осы күнге дейін екеуі де ешқашан шаңырақ көтермеген. Ағайынды Лангероктардың айтуынша, қашан да бірінің қалыңдығы екіншісіне ұнамай, үйленбей жүре беріпті. Осы орайда ғасырдан аса өмір сүріп, көпті көрген қариялар жастарға былай деп ақыл-өсиетін айтты.
«Ақымақтық жасамаңдар. Ең бастысы, мөлшерден тыс тағамданып, ішімдікке салыну сияқты жаман әдеттерге үйір болмаңдар. Одан да көп қыдырыңдар. Бірақ қыз қуып жүріп алмаңдар. Теңдеріңді тапқан бойда үйленіп, бала тәрбиелеуге асығыңдар», - деді 102 жастағы қария Паулус Лангерок.
Питер мен Паулус жер жаһандағы ең ұзақ жасаған егіздер саналады. Ағайындылар алда тағы 3 жыл жасаса, әлемдік рекордты жаңартады. Әзірге бұл жетістік америкалық Глен мен Дейл Мойер есімді егіздерге тиесілі. Олар 105 жылдық ғұмыр кешкен болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




