Серік Ахметов: Маған тағылып отырған айыптар ойдан құрастырылған
- author «Ақ жол»
- 14 тамыз, 2015
- 807
Серік Ахметов сотта өзінің кінәсіздігінің дәлелін көрсетеді, - деп хабарлайды РИА Новости.
Бүгін Қарағандының Мамандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында өткен сот отырысы кезінде бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов өз кінәсін мойындамады. Ол бұл туралы атышулы іске байланысты сотталушыларға қатысты айыптау актісі оқылғаннан кейін мәлімдеді.
"Маған тағылып отырған айыпты мойындамаймын. Кеше (сәрсенбіде) және бүгін (бейсенбіде) тағылған айыптар ойдан құрастырылған және істің нақты жағдайында негізгілері емес. Бұл сөзімді растау үшін мен және менің адвокаттарым сотқа сәйкес дәлелдерді көрсетеді және сәйкес дәйектерді келтіреді", - деп мәлімдеді Серік Ахметов процесс кезінде.
Еске сала кетейік, осыған дейін адвокаттардың істің пара алу эпизоды бойынша Серік Ахметовтің кінәсіздігін дәлелдеуге дайын екендігі хабарланған болатын. Серік Ахметовтің адвокаты - Николай Лесник оның пара алмағанын мәлімдеді. Ол "Металлургия-Металл өңдеу" индустриялық паркі аумағында жабдықтарды ауыстыру кезінде ақша аударымдары жүргізілген іскерлік хаттарды алдыру туралы кезекті өтінішін жазды. Қорғаушының сөзіне қарағанда, ол хаттар Ахметовтің индустриялық парк қаржысының жымқырылуына еш қатысы жоқ екенін дәлелдей алады.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




