«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Ресей тағы бес елдің азық-түлігіне эмбарго енгізді

Ресей тағы бес елдің азық-түлігіне эмбарго енгізді
ашық дереккөз
Ресей тағы бес елдің азық-түлігіне эмбарго енгізді

Ресей азық-түлік эмбаргосы салынған мемлекеттер санын арттырды.

эмбарго

Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев шығарған қаулыда эмбаргоға Албания, Черногория, Исландия, Лихтенштейн мен Украина да ілінгені айтылады.

Қаулы бойынша, Украина үшін санкция шарты өзгеше болмақ. Медведев үкімет отырысында Украинадан ауылшаруашылығы өнімдерін кіргізуге тыйым Киев Еуропа Одағымен (ЕО) ассоциация туралы келісімнің экономикалық бөлігіне қол қойса ғана салынатынын мәлімдеді.

Украина мен ЕО арасындағы ассоциация туралы келісім 2016 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді.

Шілденің соңында ЕО-ның Ресейге Қырымды заңсыз аннексиялап, Украинадағы қақтығысқа киліккен үшін салынған санкцияларына Албания, Черногория, Лихтенштейн, Исландия, Норвегия, Украина және Грузия да қосылған.

Ресей санкцияға жауап ретінде 2014 жылдың тамызынан бастап ЕО елдері, АҚШ, Канада, Норвегия мен Австралиядан сиыр, шошқа еті, балық және сүт өнімдері мен көкөніс тасымалдауға эмбарго салған.

Ұқсас жаңалықтар