«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Еліміздегі теміржолшылар 1 қыркүйектен қысқартылған жұмыс аптасына көшеді

Еліміздегі теміржолшылар 1 қыркүйектен қысқартылған жұмыс аптасына көшеді
ашық дереккөз
Еліміздегі теміржолшылар 1 қыркүйектен қысқартылған жұмыс аптасына көшеді

pogudx6dvej2nfadv.b276d9361 қыркүйектен бастап еліміздің теміржолшылары қысқартылған жұмыс аптасына көшеді.

Бұл туралы бүгін «Эксперт» клубының «Қазақстанның кәсіподақтары: институционалдық реформалар және трансформация» тақырыбында өткен кезекті отырысында «Теміржолшылар кәсіподағы» бірлестігінің төрағасы Оразғали Ахметбаев мәлім етті.

«Біз бірінші қыркүйектен темір жолда қысқартылған жұмыс аптасын енгіземіз. Мұны мен қазір ресми түрде айта аламын», – деп хабарлады Ахметбаев.

«Қазақстан темір жолы» компаниясына келсек, инвестициялық жобалар тоқтатылды, күрделі жөндеу бойынша көптеген бағдарламалар да кейінге қалдырылып отыр.

«Жалпы алғанда, Қазақстандағы экономикалық жағдайға келсек, біздің көптеген шикізаттық өнімдеріміздің бағасы төмендеді, сұраныс жоқ. Ал бұл өнімнің негізгі тасымалдаушысы теміржол болып табылады. Тиісінше теміржолда қозғалыс болмаса, табыс та түспейді. Тек қана жалақы ғана үнемделмейді, компаниялардың бірінші кезекте қойған мәселелердің бірі қандай қаражаттан үнемдейміз деген түйіткіл болды. Егер «Қазақстан темір жолы» компаниясына келсек, инвестициялық жобалар тоқтатылды, күрделі жөндеу бойынша көптеген бағдарламалар да кейінге қалдырылып отыр. Көптеген шығындар қысқартылды. Қызметкерлерге қатысты шара бұл не қысқарту, не бомаса осы режимге көшу болмақ. Бірінші қыркүйекте осы режимге көшеміз», – деді кәсіподақ төрағасы.

Оның хабарлауынша, әр кәсіпорын жұмыс кестесін қалай құруды өзі шешеді.

«Кеше селектор бойынша осы мәселені түсіндірдік. Әр кәсіпорын өзі кесте құрады. Темір жол – бұл үздіксіз жұмыс. Жұмыс орнында үнемі болуы тиіс жұмыскерлер санаты бар, олар пойыздарды өткізеді, қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және т.б. Сондықтан әр кәсіпорын өзі ұйымдастырады, көшпелі кесте болуы мүмкін. Бірақ жалпы нұсқау бойынша жұмыс аптасы қысқартылады. Жұмыс күні де қысқартылуы ықтимал, бұл топ-менеджерлерге қатысты, жоғары ставкадағы жетекшілер 8 сағаттың орнына 7 немесе 6 сағат еңбектенетін болады», – деді ол.

Біздің көптеген теміржолшылардың несие төлеп отырғаны анықталды. Сондықтан олардың жалақысы 20 пайыз шамасында қысқаратындықтан, банкирлерден уақыт беруді өтінеміз.

Оразғали Ахметбаев сендіргендей, теміржолшылар жаппай қысқартылмайды.

«Қызметкерлерді көп қысқартпаймыз, мұны мен ресми түрде мәлімдеймін. Егер біз тасымалданатын жүк көлемін қызметкерлер санына сәйкестендірсек, қысқарту болуы мүмкін еді. Қазіргі уақытта тасымалданатын жүк көлемі азайды. Жалпы, барлық компаниялар бойынша есептесек, 13 мыңнан астам қызметкер қысаруы тиіс еді. Мысалы, Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі жыл сайын Қытайға 6 млн тоннаға жуық кен тасымалдайтын, ал биыл бірінші жартыжылдықта біз 100 мың тонна ғана жеткіздік. Жүк көлемінің қалай қысқарғанын байқап отырсыздар. Біз осы бағытта жұмыс жасап жатырмыз, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Кеше компанияның басшылығына банкирлерге несие бойынша демалыс беру жөнінде өтініш жасау ұсынысы жасалды. Біздің көптеген теміржолшылардың несие төлеп отырғаны анықталды. Сондықтан олардың жалақысы 20 пайыз шамасында қысқаратындықтан, банкирлерден уақыт беруді өтінеміз», – деді теміржолшылар кәсіподағының төрағасы.

Ұқсас жаңалықтар