Денсаулық
Ақтөбе тұрғыны "ВКонтакте" желісі арқылы жиһадқа үндеу жасаумен айналысқан
- author «Ақ жол»
- 13 тамыз, 2015
- 723
Ақтөбе тұрғыны "ВКонтакте" желісі арқылы жиһадқа үндеу жасаумен айналысқан
Ақтөбе тұрғыны "ВКонтакте" желісі арқылы жиһадқа үндеу жасаумен айналысқан
Ақтөбе тұрғыны "ВКонтакте" желісі арқылы жиһадқа үндеу жасаумен айналысқан, - деп жазады "Диапазон". Оның компьютерлік клубта әкімші болып қызмет еткені хабарланып отыр.
Тергеушілердің мәліметінше, ер адам терроризмді насихаттауға, ұлтаралық алауыздық жасауға бағытталған радикалдық діни ағымның ұстанушысы болған. Оның "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі парақшасы арқылы "Абу Ансар" нигінде жиһадқа үндеумен айналысқаны хабарланды. Ол ДАИШ лаңкестік тобының Сирия мен Ирактағы қарулы әрекеттерін мақтаған.
Ер адамның соты 11 тамызда болды. Ол терроризмді насихаттағаны үшін және ұлтаралық алауыздық пен діни алауыздық туғызғаны үшін мүлкін тәркілеу арқылы бес жылға бас бостандығынан айырылды.
Еске салайық, осыған дейін Ақтөбеде сегіз адамға "Террористік немесе экстремистік әрекетті қаржыландырғаны және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік" және "Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру" баптары бойынша жаза кесілген болатын. Олар тиісті жазасын алды.
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




