БҚО-да білім грантына ие болмаған түлек өзіне қол салды
- author «Ақ жол»
- 13 тамыз, 2015
- 265
Батыс Қазақстан облысында білім грантына ие болмағанын естіген түлек өзіне қол салды.
Қайғылы жағдай 11 тамызда күндізгі уақытта Теректі ауданының Подстепное ауылында болған.
Айгерімнің анасы Бақыт жалғыз қызының қаза болмастан бұрын өз есімін грант алғандар тізімінен таба алмағанын айтып отыр.
«Ол нәтижелерді компьютерден қарап, кейін ұялы телефоны арқылы ақпарат іздеді. Түспегеніне сене алмай, «Егемен Қазақстан» газетін почтадан сатып алды. Үйге сағат күндізгі төртте келді. Нәтижелерді диванда жатып, қарап шықты. Кейін «Мен тізімде жоқпын» дегесін, мен оған «Ештеңе етпес, біз сені Алматыдағы Қыздар педагогикалық университетіне жібереміз» деп жауап қайтардым. Оған жалғыз қызымыз болғасын барынша көмектесетінімізді айттым. Қызым душқа шомылып қайтамын деді. Ол тіпті жылаған да жоқ», — дейді Бақыт.
Анасының айтуынша, Айгерім шомылып, киімдерін жуып болғасын аулаға шығып кеткен. Бірнеше минуттан кейін Айгерімге көршісі келеді. Бақыт оның аулада жүргенін айтады.
«Мен Айгерім душқа кіріп кеткен дедім. Ол сол жерге барар жолдағы ағаш сарайдың ішінен Айгерімді байқап қалып, бізді шақырды. Қызым сарайда асылып тұр екен», — деп жалғастырды анасы.
Бақыт көз жасын тыя алмай, барлығы қызын қалай сол жерден алып шыққанын айтып берді. Ол кезде қызы әлі тірі болған көрінеді. Алайда келіп жеткен жедел жәрдем Айгерімді құтқара алмаған. Жеткіншек емханаға жетер жолда көз жұмған.
Айгерімнің анасы қызының қазасына грантты алмай қалғаны себеп болды деп санайды. Ол гранттар тізімінде болатынына қатты үміттенген екен.
Жеткіншек орташа қазақ мектебін бітіріп, ҰБТ-да 93 балл жинаған. Оның ішінде орыс тілін алып тастағанда жинағаны 73 балл болады.
Мектеп директоры Берік Нығметов қыздың таңдаған төртінші пәні ағылшын болғанын айтты.
«Біз барлығын кеше естідік. Бүгін таңертең олардың үйіне бардық. Ата-аналары қызының қазасына қара жамылып отыр. Айгерім үздіктер арасында болмаса да жақсы оқитын. Біз оған шет тілін таңдаса грантқа түсу оңай болмайтынын ескерткен едік», — дейді директор.
Белгілі болғандай, Айгерім оқыған мектептегі 15 түлектің 8-і білім грантын алған.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді