Мұнай бағасының 10 долларға төмендейтіні туралы болжам жасалды
- author «Ақ жол»
- 12 тамыз, 2015
- 724
Дүниежүзілік банк Иран санкциясының алып тасталуына байланысты мұнай бағасының 10 долларға төмендеуін 2016 жылға болжап отыр, бұл жөнінде қаржы институтының ресми сайтында жарияланды.
Таяу Шығыс мемлекетінің оралуы "қара алтын" жеткізілімі артады дегенді білдіреді - тәулігіне миллион баррельге дейін, дейді сарапшылар. Бұл өз кезегінде Иран үшін экономиканың өсімін екі еселейді, үштен бес пайызға дейін.
Мұның барлығы 2015 жылдың 14 шілдесі күнгі ядролық бағдарлама бойынша келісім бекітілсе ғана жүзеге асады. Айта кетейік, егер иран шикізаты экспортталатын болса, Парсы шығанағындағы өзге елдер мен Ливия зардап шегеді және өңірдің импортерлары жеңеді - Египет пен Тунис. Сарапшылардың болжамынша, Иран экспорты 17 миллиард долларға дейін артады. Бұл сома Ұлыбританиямен, ҚХР, Үндістан, Түркия және Сауд Арабиясымен арадағы сауда есебінен келіп түседі. Шетелдік тікелей инвестиция жылына 3 миллиард долларға дейін өсуі мүмкін - ол қазіргі көрсеткіштен екі есе жоғары, бірақ 2003 жылғыдан төмен.
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




