Астаналық би командасы Ұлыбританияға жолдама жеңіп алды
- author «Ақ жол»
- 12 тамыз, 2015
- 336
Үш күн бойы Талдықорғанның орталық алаңында UKBBOYCHAMPIONSHIP-2015 әлем чемпионатына іріктейтін "Boom-Boom 2015" би фестивалі өтті. Қазақстанның түкпір-түкпірінен 14-29 жас аралығындағы жас өрен өз өнерлерін көрсетіп, тәжірибе алмасуға жиналды.
Астана қалалық Жастар саясаты басқармасының қолдауымен фестивальге Астана қаласының атынан "TwentyThreeStyle" би командасы аттанған болатын. Халықаралық фестивальдердің бірнеше дүркін жеңімпаздарынан құралған бишілер командасы фестивальге бірегей номерлер дайындады.
Сайыс екі кезеңнен тұрды. Соңғы кезең - бір-біріне қарсы баттл сайысы өте тартысты өтті. Баттл аясында қатысушылар өздерінің шеберлігін, күрделі элементтерді көрсетті. Сайыс нәтижесі бойынша елордалық "Twenty Three Style" командасы бас жүлдеге ие болып, Ұлыбританияда өтетін әлем біріншілігіне жолдаманы қанжығаларына байлады.
Ұқсас жаңалықтар
Ауруын анықтау үшін адамнан жымиюды сұраңыз
- 14 маусым, 2025
Бала шыр етіп дүниеге келгенде қатты қуанамын
- 14 маусым, 2025
Ақпарат
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді