Денсаулық
Жамбыл облысының тауар өндірушілерді «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің құрылысына тауарларын ұсынады
- author «Ақ жол»
- 12 тамыз, 2015
- 296
Жамбыл облысының тауар өндірушілерді «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің құрылысына тауарларын ұсынады
Жамбыл облысының тауар өндірушілері тауарларын жеткізу мүмкіндігін талқылау үшін «Астана ЭКСПО-2017» ҰК бас мердігерлерімен және басшыларымен кездесті.
«Астана «ЭКСПО-2017» Басқарушы директоры – баға, сатып алулар және жергілікті мазмұн маркетингі жөніндегі департамент директоры Анна Боева:
- Жеткізушілерге қойылатын басты талаптар – баға, сапа және жеткізу мерзімі. Сонымен қатар, ЭКСПО-2017 көрмесінің идеясы «Болашақ энергиясына» шоғырланғандықтан, жеткізушілерге қойылатын тағы бір талап – бұл тауарлардың экологиялық қауіпсіздігі. Экологиялық қауіпсіздік туралы сертификат бәсекеге қабілеттілік мәселесінде үлкен рөл атқаратын болады, - деді.
Жамбыл облысындағы кәсіпорындар «Жамбылгипс» АҚ, «Азмина-Мрамор» ЖШС, «Жамбыл цемент өндіру компаниясы» ЖШС, «Арайстроймаркет-2003» ЖШС басшылары өз өнімдерінің сапасы, өндіріс көлемі және шығарылып отырған материалдардың артықшылықтары туралы ақпарат берді.
«Жамбылгипс» АҚ сауда бөлімінің бастығы Е. Щукина:
- «Жамбылгипс» АҚ гипс өндірумен айналысады, бізде өзіміздің карьеріміз бар. Қазір тәулігіне 600 тонна гипсты өндіре алатын зауыт құрылысы аяқталайын деп отыр, оны 2016 жылы іске қосу жоспарлануда. Гипс экологиялық таза өнім болып табылады, ол жанбайды және уытты заттарды бөлмейді, бұл экологиялық қауіпсіздік талаптарына жауап береді. Қазір біз 30 мың тоннадан аса құрғақ құрылыс қоспаны, гипсокартоннның 8 млн. шаршы метрін және 50 мың тоннаға жуық гипсті өндіріп отырмыз. 2016 жылдан бастап өндіріс көлемі тәулігіне 600 тонна гипсты құрамақ, бұл ЭКСПО-2017 нысандарындағы әрлеу жұмыстарын аяқтауға қажетті бүкіл көлемді қамтамасыз етуге әбден жетеді, - деді.
Сонымен қатар, кездесуге қатысқан «Азмина-Мрамор» ЖШС директоры Руслан Жетпісбаев өз кәсіпорны өндіретін көк және жасыл мәрмәрдің бірегей қасиеттері жөнінде тарқатып айтып беріп: «Әлемде жасыл және көк мәрмәрді өндіретін тек үш кенорын бар, ол Индияда, Бразилияда және бізде өндіріліп, өңделеді. Негізінен, біз жеке тапсырыс берушілермен жұмыс жасаймыз, алайда қазір біз «Астана ЭКСПО-2017» ҰК-мен ынтымақтасу туралы келісім-шартқа отыратын болсақ, біз республикалық деңгейге шығатын боламыз» деп атап өтті.
Ресми бөлімнің соңына қарай бас мердігерлер мен аймақтық жеткізушілер жұмысқа қатысты мәселелерді талқылап, іскерлік байланыстарды үзбеуге келісті.
Айта кетейік, 2016 жылдың 26 мамырында «Астана «ЭКСПО-2017» ҰК және Жамбыл облысының әкімдігі облыстағы тауар өндірушілерді ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің құрылысына тарту туралы меморандумға қол қойған.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді