Қырғызстан Еуразиялық экономикалық одақтың толық құқылы мүшесі болды. Айта кетейік, бұл Одаққа Қазақстан, Ресей, Беларусь және Армения кіреді. Қырғызстанның Қазақстанмен шекарасындағы кедендік бақылау доғарылды. Бұл туралы RT телеарнасы Еуразиялық экономикалық одақтың комиссиясына сілтеме жасай отырып хабарлады.
"12 тамызда Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуы туралы келісімшарт күшіне енді. Қырғызстан Одақтың толық құқықты мүшесі болды", - деп жазылған хабарламада.
"Қырғызстанның ЕАЭО-ға кіруі жаңа мүмкіндіктер ашады. Тауар, капиталдар мен түрлі қызметтердің жолындағы тосқауылдар жойылады. Инновациялық жаңа мүмкіндіктер туындап, энергетика, транспорт, ауылшаруашылық саласында инфрақұрылымдық ірі жобалар жүзеге асады. Қырғызстан азаматтары Одаққа мүше елдерде қиындықсыз жұмысқа орналаса алады", - деді ЕЭК.
РИА Новостидің мәліметінше, 12 тамыздағы Қырғызстан-Қазақстан кедендік бақылауды доғару рәсіміне екі елдің басшылары қатысады.
Қырғызстанда бірыңғай кедендік тариф пен Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикасы аясында бірыңғай тауар номенклатурасы іске қосылады. Сонымен қатар, Кедендік одақтың техникалық регламенттеріне сәйкес өнімге бірыңғай талап енгізіледі: құжаттар, өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжат.
Экономистер шекара ашылғаннан кейін елде Қырғыстаннан шыққан арзан тауарлардың қаптайтынын, бұл қазақстандық алыпсатарларға ауыр соққы болатынын болжады. Ұсақ кәсіптің иелері көп зардап шегеді, ал екі елдің нарығын қамтамасыз етіп отырған қазақстандық компаниялардың істері өрге басады.
"Одаққа кіргеннен кейін кеден болмайды. Қырғызстаннан Қазақстанға немесе керісінше тауар өткізген жағдайда ешкім сіздің тауарыңызды тексермейді. Осыған орай Қырғызстанның Қазақстанға экспорты өседі", - деді Қазақстан кедендік делдалдар ассоциациясының төрағасы Геннадий Шестаков "Алматы" телеарнасына берген сұхбатында.
"Экономика жағына келсек, Қазақстанда бірнеше уақыт арзан жұмыс күші мен тауарлар қаптайды. Бұл кезде қазақстандық кәсіпкерлер Қырғызстан тауарларын басқа елдерге өткізе алады", - деді консалтингтік компанияның қызметкері Салтанат Абаева.
Автомобиль бағасының арзандауына келсек, Қазақстан отандық автомобильдерді қорғау мақсатында Қырғызстанға 2014 жылдың 1 қаңтарынан кейін келген автомобильдерді ғана елге әкелуге рұқсат берді.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді