Ақорда әлемдегі ең әдемі сарайлар рейтингінде Кремльден озып кетті
- author «Ақ жол»
- 12 тамыз, 2015
- 607
Ағылшынның Theestle.Net порталы әлем елдері президенттерінің ең үздік 10 сарайын анықтады
Осы тізімде Қазақстан президентінің ресми резиденциясы Ақорда үшінші орын алған. Бұл туралы «Азия-Плюс» хабарлады деп жазады ras.kz.
Әлем елдері президенттерінің үздік ондығын АҚШ президентінің Вашингтондағы Ақ үйі бастады. Екінші орынға Тәжікстан президентінің Ұлт сарайы – Касри Миллат орналасты.
Сайттың рейтингісі бойынша, үшінші орынды Қазақстан президентінің Астанадағы Ақордасы алса,төртінші позицияға Біріккен Араб Әмірлігінің байтағы – Әбу-Дәбидегі президент сарайы шыққан.Ақорда үш жыл көлемінде салынып, 2004 жылы ресми түрде ашылды. Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан сарайда Қазақстан президенті мен президент әкімшілігінің қызметкерлері жұмыс істейді. Бұл президенттің тұрғылықты мекені емес. Ғимарат көк және алтын түсті күмбезбен сәнделген. Ал мұнараның ұшар басына қыран құс бейнеленген”, – делінген ағылшын сайтында.
Бұдан әрі Түркменстан президентінің сарайы бесінші сатыға жайғасса, үздіктер алтылығын Мәскеудегі Кремль тиянақтайды.
.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




