Теміртау тұрғыны жас баланы үгіттеп, Сириядағы соғысқа жіберген
- author «Ақ жол»
- 11 тамыз, 2015
- 649
Қарағанды облысында терроризмді насихаттап, ұлтаралық араздықты қоздырғаны және кәмелетке толмаған жастарды қылмыстық террористік топқа тартқаны үшін Теміртау тұрғыны 13 жылға сотталды.
Судья Төлеген Таңсықбаевтың айтуынша, сотталушы Теміртаудағы қоғамдық орындарда терроризмді жақтайтын идеяларын айтып, адамдарды қарулы жиһадқа қатысуға шақырған.
«Сотталушы жастарды террористік ұйымдардың мүшесі болуға шақырған. Бұдан бөлек, ол радикалды исламды қолдамайтындарды «кәпір» деп атап,ұлтараздықты қоздырған», – деді судья.
Сотталушы жастарды Сириядағы соғысқа қатысуға үгіттеген. Атап айтар болсақ, ол кәмелеттік жасқа толмаған баланы ұшақпен алдымен Мәскеуге, кейін Түркияға жіберген. Ол шекара арқылы Сирияға өтіп, «Имарат Кавказ» халықаралық террористік тобының құрамына кіреді.
Одан бөлек, сотталушы тек исламды ұстанатын адамдар арасында аралас жекпе-жектен жаттығу ұйымдастырып тұрған.
Сот күдіктіні мүліктерін тәркілей отырып13 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді.
Ұқсас жаңалықтар
Қызылшамен сырқаттану деңгейі 1,4 есеге азайды
- 20 қаңтар, 2026
Халықтың саулығы бәрінен маңызды
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




