ШҚО-да жүйке ауруына шалдыққан әйел екі баласын 4-ші қабаттан лақтырып жіберді
- author «Ақ жол»
- 11 тамыз, 2015
- 841
ШҚО-да жүйке ауруына шалдыққан С. есімді азаматша өзінің екі баласын балконнан лақтырып жіберген. Абырой болғанда балалар аман қалған.
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігінің 1, 3, 14-тармақтарында көрсетілген қылмыстық заңмен тыйым салынған қоғамға қауіпті әрекетті жасағанына байланысты С.-ға қатысты қылмыстық іс қарады.
Жүйке ауруының елестеушілік және сандырақ түрлері асқынған күйінде болған С. ұйқыда жатқан балаларын оятып, оларды үйдің балконына апарған.
Сол жерде өзінің кішкентай қызын қолынан ұстап 4-қабатта орналасқан бөлмесінің балконынан жерге қарай лақтырып жіберген, осыдан соң С. 4 жасар ұлын да дәл осы тәсілмен лақтырып жіберген. Жеткіншектер дер кезінде көрсетілген білікті медициналық көмектің арқасында аман қалған.
Осыдан кейін әйел балалары қаза болды деген сенім үстінде өзі де балконнан жерге секірген, алайда алған жарақаттары өмірге қауіпсіз болғандықтан, тірі қалған.
Сот қаулысымен С. жалпы типтегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп медициналық шара қолдану тәртібінде жіберілетін болды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ, деп хабарлайды ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




