«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

ОҚО-да дені сау бойжеткенді өгей шешесі ақыл-есі кем жандар емделетін орталыққа жапқан

ОҚО-да дені сау бойжеткенді өгей шешесі ақыл-есі кем жандар емделетін орталыққа жапқан
ашық дереккөз
ОҚО-да дені сау бойжеткенді өгей шешесі ақыл-есі кем жандар емделетін орталыққа жапқан

pogudx4hrhkjjvhm4.5a9467c9Шымкентте дені сап-сау бойжеткенді анасы ақыл-есі кем жандар емделетін орталыққа жапқан деп хабарлайды .

Қоғамдық ұйым белсенділері он сегізге толған Маржан Тұрлыбаеваның ол жерде емделіп жатқанына сегіз жылға жуықтағанын айтады.

Он сегіз жастағы Маржан Тұрлыбаеваны осыдан жеті-сегіз жыл бұрын балалар үйінен асырап алған өгей анасы күйеуімен бірге ұрып-соғуын жиілеткен.

Әртүрлі сылтаумен соққыға жығылған жас қызды ақыры олар ақыл есі кемдер үйіне жауып тынған. “Талай адамға өзімнің сау екенімді дәлелдесем де өгей анамның әрекетіне тоқтау бола алмай отырмын” дейді.

“Ит шынжыр жататын. Сол шынжырды алды да күйеуі қосылып ұрды. Болды Ләззат қызыңнан күйдім деп, мені қуып жіберді. Бір емес, екі емес, талай мәрте болған жағдай бұл”, – дейді Маржан Тұрлыбаева.

“Ешқандай өзінің жынды мінезін көрсетпеген дейді. Ал көрсетпесе, неге жатыр мәңгілік жындыханада?”, – дейді қоғамдық ұйымның мүшесі Бағила Жасатайқызы.

Қорлық көрсетіп, жүйке ауруларын емдейтін арнайы орынға жатқызған оның өгей анасы көрінеді.

Қоғамнан оқшауланған қыз кәмелетке толған соң, Шымкенттен қазір Түркістанға көшірілген. Мамандар Маржанды мәжбүрлі емге қабылдағанымен, оның есі дұрыстығын ескеріп, ешқандай дәрі-дәрмек бермейтінін айтты. Ал күтушілер қыздың жүйкесі сыр берді дегенге күмәнмен қарайды.

“Қыз баланы мұндай жерде ұстау обал. Төрт жылдың ішінде оған өте қиын болды. Бірақ ол ешкіммен араласпады. Өзі ақылды қыз”, – дейді Психоневрологиялық әлеуметтік мекеменің дәрігер-психиатры Шахида Нұрова.

Ауруханада жатса да, Маржан ебін тауып Түркістан қалалық прокуратурасына шағым түсіріпті. Өз шағымында қайтадан психологиялық-медициналық сараптама жүргізуді сұраған.

“Бұл арызды қарау құзыретіне орай, шешім қабылдау үшін еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментіне жолдадық”, – дейді Түркістан қаласының прокуроры Махат Зұлпыхаров.

Сау басымен ақыл-есі ауытқығандардың арасынан табылған Маржанның дерегіне қатысты құзырлы мекемелер тексеруді бастап кетті. Ақыл-есіне қатысты сараптама да тағайындалмақ. Қоғамдық ұйым белсенділері медициналық зерттеулерге тиісті бақылау орнатса деп отыр.

Ұқсас жаңалықтар