Аудан орталығына Алматы жақтан кіре берісте бой көтерген бес қабатты тұрғын үйдің құрылысы өткен жылдың сәуір айында басталған болатын. Бас мердігер – тараздық «Арқат» ЖШС аудан көлеміндегі ең биік ғимараттың құрылысын бас-аяғы бір жарым жылда аяқтап, тұрғындардың игілігіне ұсынды. Оны мемлекеттік комиссия мамыр айының соңында қабылдап алған. Одан бері де абаттандыру, айналаны көріктендіру жұмыстары жүргізілді. Тұрғын үйде бір бөлмелі – 10, екі бөлмелі – 20 және үш бөлмелі – 20 пәтер бар. Бір бөлмелі бір пәтердің тұрғын алаңы – 18,2 шаршы метр, екі бөлмелісі – 37, үш бөлмелісі – 57 шаршы метрден. Ғимаратқа су, газ кіргізіліп, аулада балалар алаңы, сәкілер, гүлзарлар салынған. Іргедегі жылыту қазандығының жұмысы да сынақтан өткізілген.
– Бұл Елбасы саясатымен қолға алынған «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасының жемісі. Соның арқасында бүгін елу отбасы пәтерлі болып отыр. Ал пәтер бөлуде ең алдымен Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектері, ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар, әлеуметтік мұқтаж жандар және пәтер кезегінде тұрған мерзіміне қарай бюджеттік сала қызметкерлері артықшылықтарға ие болуы тиіс. Жалпы тұрғын алаңы 2071 шаршы метр болатын үй құрылысының бастапқы келісім-шарт құны 400 миллион теңге болған. Бөлінген қаржы жетпей жұмыс орта жолда тоқтайтын болғандықтан жыл басында облыс әкімінің қолдауымен облыстық бюджеттен қосымша 77 миллион теңге бөлініп, құрылыс уақтылы аяқталып, бүгін қордайлықтар қоныс той тойлағалы отыр, – деді Бекболат Серікбекұлы өз сөзінде. Облыс әкімінің бірінші орынбасары пәтер кілтін ең алдымен Ұлы Отан соғының ардагерлері Ефим Анищенко, Қайын Керденов және Бейсен Құсайыновқа тапсырды. Оларға үйдің бірінші қабатынан бір бөлмелі пәтерлер берілді. Қуанышқа кенелген майдангерлердің атынан сөз алған Қайын ақсақал ардагерлерге көрсетілген қамқорлықтары үшін Президентке, аудан, облыс басшыларына алғысын білдірді. Бұл күні аудандық аурухананың жансақтау бөлімінің медбикесі Назгүл Әбжанова екі бөлмелі пәтерге ие болды. Ол жеті жылдай ері, екі баласымен пәтер жалдап тұрған екен. Енді міне олардың өз баспанасы бар. Сол сияқты ұстаз Шолпан Қарабаева, ата-ана қамқорлығынсыз қалған Татьяна Рыбалко, әлеуметтік көмекке мұқтаж Ағаділ Есенбеков және басқа да тұрғындар пәтерлі болды. Дұрысы, Қордайда қоныс тойлар көбейіп тұр.
Құрманбек Әлімжан, «Ақ жол».
Қордай ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Атқарылған іс – арқалаған сенімді ақтайды
- 21 қараша, 2024
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
- 21 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді