Денсаулық
Жасанды кеспе кардиометаболистік синдромға шалдықтырады
- author «Ақ жол»
- 10 тамыз, 2015
- 314
Жасанды кеспе кардиометаболистік синдромға шалдықтырады
Статистика мәліметі бойынша сапасыз азық-түліктен жыл сайын әлемде 3 миллионға жуық адам уланып, көз жұмады екен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары осы мәселеге алаңдаулы. Күнделікті тұтынатын тағамдардың тазалық талаптарының сақталмауынан миллиондаған адам түрлі инфекцияға шалдығып, мерт болатын көрінеді. Сондықтан күнделікті тұтынатын асты жіті тексеріп, пайдаланған абзал. Жуырда америкалық ғалымдар аптасына екі-үш реттен кеспеден жасалған, соның ішінде, жапондық кеспе сорпасы, рамэн сияқты тағам жеген адамдарда кардиометаболистік синдромына шалдығу қаупі жоғары екенін анықтады.
Бұл, бірінші кезекте жүрек пен басқа да диабет пен инсульт сияқты аурулардың даму қаупін арттырады.
Ондағы дәмдеуіштер алуан түрлі сүзгіден өтіп, әбден күйдіріліп, кептіріледі. Ал тағамның тартымды дәмін глутамат натрия (Е-621) деп аталатын химиялық элементтің зияны адам ағзасын улайды. Бір демдеген кеспеде 800г жуық натрий қосындысы бар. Бұл қоспа асқазанда бөлінетін қышқылды көбейтіп, нәтижесінде ас қорыту жүйесі бұзылады. Сондай-ақ әбден кепкен дәмдеуіш қорытылмай тұрып қалады да, ол біртіндеп асқазан жарасына соқтырады.
Сол себепті жасанды құрғақ тағамдарды мейлінше бас тартқан жөн. Оны қолданар алдында сыртындағы ескертпесіне назар аударыңыз. Жалпы, қайнаған ыстық суда 5 минутта пісетін осындай тағамдардың атына, шығарылған күні мен айына мән бергеніңіз жөн. Дәрігерлердің айтуынша бұл тағам әсіресе әйелдер мен балаларға және егде жастағы адамдарға зияны көп. Сол үшін мамандар бұл тағамнан мүлдем бас тартуға кеңес береді.
Ұқсас жаңалықтар
Дәрігерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау маңызды
- 6 наурыз, 2025
Вакцинация бағдарламалары жалғасады
- 6 наурыз, 2025
Ақпарат
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Жамбылда жазасын өтеушілер Алғыс айту күнін атап өтті
- 1 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді