Қазақ кино өнерінің жауһарына айналған «Тақиялы періште» фильмінің екінші бөлімін түсіру жұмыстары басталды. Фильмнің алғашқы эпизодтары Алматы облысына қарасты Қызыләскер ауылында өтуде.
Картинаның екінші бөлімін түсіруді кинематографист Марат Сәрсенбаев пен Гүлбаршын Әбуова қолға алмақ. Ал бұл идеяны жандандырушы және сценарий авторы - Құсман Шалабаев. Фильмнің режиссері Қырғызстанның танымал кино маманы әрі актер Найзабек Сыдықов.
Жоба жеке инвестицияға түсірілетін болады. Фильмнің сюжетінде көп жылдар өткеннен кейін бірінші бөлімдегі оқиға қайталанады. Алайда, бұл жолы келінді Тайлақтың ұстазы өзінің немересіне іздестіреді. «Тақиялы періште» фильмінің жалғасына бірінші бөліміндегі Тайлақтың ұстазының рөлін сомдаған Әлімғазы Райынбеков және Бибігүл Төлегенова, Шолпан Алтайбаева қатысады. Сонымен қатар оларға Дәулет Әбдіғапаров пен Димаш Ахимов қосылады. Немеренің рөлін жас актер Олжас Тоғымбет сомдаса, оның қалыңдығының рөлін «Алматы аруы-2014» байқауына қатысқан жас актриса Әлия Даниярова ойнайды. Естеріңізге салсақ, «Тақиялы періште» фильмі келін іздеп жүрген ана жайындағы қызықты оқиға желісімен ғана емес, басты рөлдегі актерлердің тамаша ойыны мен Александр Зацепиннің «Ты куда, Одиссей» әні арқылы да танымал болған туынды. Бүгінгі күні картинаны тек үлкендер ғана емес, жастар да асқан қызығушылықпен тамашалайды, деп хабарлайды baistars.kz.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді