АҚШ-тың Флорида штатының ғалымдары зерттеу жүргізіп, нәтижесінде қарбыздың қан қысымын қалыпқа келтіретінін анықтады, деп хабарлайды Ladyportal.
Зерттеу нәтижелері туралы сараптама жүргізген жетекші мамандар айтып берген. Олар 6 апта бойы 10 еріктінің жалпы денсаулығы мен қан қысымын тексеріп отырған. Зерттеуге қатысушыларға күн сайын қарбыз экстракты беріліп отырған.
Нәтижесінде аталған экстрактіні қабылдағандардың қан тамырларының күйі жақсарып, гипертония дертінен айыққан. Соның арқасында олардың жүрек-қан тамыры ауруларына шалдығу қатері азайған. Демек, қарбыздың құрамындағы заттар қан тамырларын кеңейтеді. Жеміс құрамындағы L-citrulline деп аталатын маңызды компонент гипертония мен жүрек ауруларының алдын алады.
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




