64 отбасы баспаналы болды
Қаратаулықтардың қуанышында шек жоқ. Қаратау қаласы Б.Момышұлы көшесінде жалпы алаңы 2586, 8 шаршы метрді құрайтын 64 пәтерлі көп қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл – 64 отбасы баспаналы болды деген сөз.
Баспаналы болып, қуанышқа кенелгендердің арасында Ұлы Отан соғысының ардагері Михаил Емельянов, ауған соғысының ардагері Талап Бидайшиев те бар. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 9 жасқа да пәтер кілттері тапсырылды. Салтанатты шарада замандастарының атынан Қуанышбек Тәшқараев жүрекжарды лебізін білдіріп, жастарға осындай қолдау көрсетіп отырған Елбасына алғысын жеткізді.
Б. Момышұлы көшесіндегі №8 көп қабатты тұрғын үй 240 миллион теңгеден астам қаржыға коммуналдық меншікке қайта сатып алынып, күрделі жөндеуден өткізілген болатын. Құрылысты жүргізген мердігер компания– М.Семізбаев басқаратын «Пазыл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Сәулембай Әбсадықұлы, «Ақ жол».
Талас ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Бол риза анашым, қолдағы осы бар...
- 28 сәуір, 2026
Жарылыс салған жара әлі жазылғанжоқ
- 28 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




