«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Сапалы қызмет – кәсіби білікті қызметшіден

Сапалы қызмет – кәсіби  білікті қызметшіден
ашық дереккөз
Сапалы қызмет – кәсіби білікті қызметшіден

Данияр МедетбековДанияр МЕДЕТБЕКОВ,  Халыққа қызмет көрсету орталығы                                           облыстық филиалының директоры.

Шетелдік сарапшылыр Елбасы ұсынған Ұлт жоспарын уақыт тынысын дөп басқан стратегиялық құжат деп қабылдауда. Расында да, «100 нақты қадам» заман көшінен қалмай, елді ілгері дамуға бастайтын бағдарлы бағыт деуге болады. Ұлт жоспарында кәсіби білікті мемлекеттік аппарат құрудың 15 қадамы айқындалған. Онда мемлекеттік қызметшілердің кәсіби–біліктіліктерін арттыру, еңбек жалақыларын нәтиже бойынша төлеу және мансаптық жоғарылату жолдары жан-жақты қарастырылған. Мұның барлығы халыққа көрсетілетін қызметтің сапасын арттыруға ықпал етеді. Осы тұрғыда айтар болсақ, біздің орталықта, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саны жылдан-жылға арта түсуде. Мәселен, 2007 жылы Халыққа қызмет көрсету орталығында мемлекеттік қызметтердің 25 түрін көрсеткен болса, қазіргі таңда бұл сан 191- ге жетіп отыр. Біздің филиал биыл алғашқы жарты жылдықта жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет түрлері бойынша 1 052 153 қызмет көрсетсе, 2014 жылы бұл көрсеткіш 878 359-ды құраған. Яғни, 2015 жылы көрсетілген қызмет саны 17 пайызға  артты. Қызмет сапасын арттыру – біздің басты мақсатымыз. Осы орайда филиал тәлімгерлері тарапынан тұрақты түрде қызметкерлердің білімін, біліктілігін, қызмет көрсету сапасын, халықпен қарым-қатынас жасау жүйесін және олардың адамгершілік қасиеттерін арттыру мақсатында оқыту жұмыстары жүргізілуде. Бұл – мемлекеттік қызметкерлерді кәсібилендіруге ықпал ететін маңызды фактор әрі мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін заманауи, кәсіби, дербес мемлекеттік аппаратты қалыптастырудың бастапқы реформасының жүзеге аса бастауының көрінісі. Елбасы, Н.Ә.Назарбаев кезекті бір Жолдауында, «бір терезе» қағидаты бойынша жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсететін Халыққа қызмет көрсету орталықтарын құруды, тапсырғаны белгілі. Президент тапсырмасына сай 2007 жылдан бері осы орталық облысымызда өз жұмысын бастаған болатын. Содан бері міне, Қазақстан азаматтары түрлі атқарушы органдардың есігін торып, табалдырығын тоздырудан арылды. Одан қалса, қағазбастылықтың алдын алып, сыбайлас жемқорлық фактілерінің жойылуына да мемлекет осы орталықты құру арқылы қол жеткізді. Неге десеңіз, оған барлық тұрғындар үшін тең қолжетімділік қамтамасыз етілді. Түрлі органдардың құжаттарын әзірлеу бойынша қызметтерді тұрғындар бір жерден алу мүмкіндігіне ие болды. Табысты мемлекет құрудың жолы – жемқорлықты болдырмау. Бұл бағытта біздің қызметкерлер атқарушы орган және «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы, ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық филиалы өкілдерімен бірлесіп, іс-шаралар жоспарын жасап, нақты жұмыстар атқаруда. Ал бұл үрдіс қызметкерлердің отансүйгіштік сезімін нығайтумен қатар, еліміздің өркендеу қарқынына қамшы болатыны анық. Орталықтың халыққа ұсынған бүгінгі таңдағы негізгі жаңашыл жұмысын сөз етсек, ХХІ ғасыр ақпараттық даму ғасыры болғандықтан, біздің филиал арқылы көрсетілетін бірқатар мемлекеттік қызмет түрлері  «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асуда. Электронды үкіметтің басты артықшылығы – азаматтардың үйден шықпай-ақ мемлекеттік қызметтерді пайдалануы. Оның ішінде төлем шлюзі арқылы банк карточкасымен мемлекеттік төлем мен коммуналдық қызмет ақысы және түрлі айыппұлдар төлеу мүмкіндігін қосқанда, барлығы 2000-нан аса электронды мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Орталықтан «Өзіне-өзі қызмет көрсету секторларының» ашылуы – келешегін ойлаған кемел елдің керемет бағдарының жемісі. Сол секілді мобильдік үкімет те жасына, әлеуметтік мәртебесіне, білімділігіне және тұрғылықты орнына қарамастан халықтың басым бөлігімен өзара байланыс орнатқан, ең қолайлы әрі қолжетімді жүйе екенін айта кету керек. Біз осындай тәсілдерді қолдана отырып, жаңа тұрпатты белсенді ойлай алатын елдің болашағына жарқын жол саламыз. Елбасымыз ұсынған бес халықтық  реформаны және сол реформалардан туындаған «100 нақты қадам» талаптарын орындауда Халыққа қызмет көрсету орталығының облыстық филиалы үлкен белестерден көріне бермек. Халыққа қызмет көрсету – қашанда абыройлы  іс. Тараз қаласы.

Ұқсас жаңалықтар