Қазақстанда тұңғыш рет BMW спорттық автокөліктерінің жарысы өтеді
- author «Ақ жол»
- 5 тамыз, 2015
- 290
Алматыда үстіміздегі жылдың қыркүйек-қазан айларында BMW спортттық аватокөліктеріне арналған «M-Day» жарыс сериясы өтеді.
Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихаты барысында Sokol спорттық-туристік кешенінің маркетинг бойынша директоры Думан Жұмаділов мәлімдеді.
Оның айтуынша, бұл жарыс Қазақстанда автоспорт саласының дамуына үлкен септігін тигізеді.
«Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында жарыстың үш квалификациялық раунды өтеді, ал қазан айында үлкен финалы болады. Sokol кешенінде мұндай деңгейдегі жарыс тұңғыш рет өтейін деп отыр. Біз «M-Day» жарысын жоғары кәсіби деңгейде өткізуге дайынбыз. Мұндай шараның Қазақстанда өтуі отандық автоспорттың дамуына үлкен септігін тигізеді. Біз теңұйымдастырушылар ретінде, отандық жүргізушілерді қолдаймыз және әлемдік деңгейдегі аренада өздерінің шеберліктерін шыңдауға барынша көмек көрсетеміз», - деді Д. Жұмаділов.
Сонымен қатар, ол бұл жарысқа қазақстандық жүргізушілер ғана емес, жақын шет елдерден де қатысушылар келетіндігін жеткізді.
Өз кезегінде «Астана Моторс» компаниясының басқарушы директоры Антон Афонин Sokol кешенінің маркетинг бойынша директорына Mini Cooper S Coupe автокөлігінің кілтін табыс етті. Бұл автокөлік жарысқа қатысады.
Думан Жұмаділовтың айтуынша, жарыс жолында бәсекеге қабілетті болуы үшін бұл автокөлік барынша нығайтылатын болады.
Ұқсас жаңалықтар
Медицина саласы серпінді дамуда
- 14 қаңтар, 2025
Метапневмовирус қаншалықты қауіпті, облыстағы жағдай қандай?
- 14 қаңтар, 2025
Ақпарат
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді