Қапшағайда шетелдіктер балаларға заңсыз діни лагерь ашқаны әшкереленді

Қапшағайда шетелдіктер балаларға заңсыз діни лагерь ашқаны әшкереленді
ашық дереккөз
Қапшағайда шетелдіктер балаларға заңсыз діни лагерь ашқаны әшкереленді

Алматы облысының полицейлері Оңтүстік Кореяның 7 азаматын және бір америкалықты кәмелетке толмағандарды заңсыз діни бағытқа тартқан деген күдікпен құрықтады. Шетелдіктер заңсыз балаларға арналған лагерь ашқан. Бұл туралы AlmatyNews-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Барлық құрықталғандар – Евангелиялық христиан-баптистік шіркеуге еруші шетел азаматтары. Діни лагерь “Алтын Емел” демалыс зонасында орналасқан балаларға ағылшын тілін үйретуге арналған тегін курстар лагері желеуімен ашылған. Лагерь 28 шілдеден 31 шілдеге дейін жұмыс істеп үлгерді. Полицейлер лагерьдің ішінде 127 кәмелетке толмаған жеткіншек болғанын мәлімдеді.

Айыпталушылардың Қазақстанда діни қызмет етуге рұқсаттары болмаған. Соған қарамастан, олар лагерьде құдайға сиынып, балаларға өз діни ағымы туралы пікірлерін таңған. Ағымға қатысты әдебиеттер таратқан. Лагерьде белгісіз сұйықтық құйылған бөтелкелер мен құрамы белгісіз сағыздар табылды. Ұйымдастырушылар мұның бәрін курс кезінде балаларға таратқан.

Ал ата-ана олардың бұл пиғылынан мүлдем хабарсыз болыпты. Білім беру саласының мамандары шіркеудің бұл әрекетін заңсыздыққа балап отыр деп хабарлайды almaty.tv.

“Біз олардың ашылғаны туралы мүлде естімедік. Олар бізге келіп, сабақ өткізетіні жайлы өтініш берген жоқ және өздері туралы ешқандай хабар бермеді. Шын мәнісінде, олар заңсыз әрекет етіп келген. Өйткені балалар лагерін ашу үшін алдын ала Төтенше жағдайлар қызметі мен тазалық-індет мамандарын шақырып, тексерістен өтуі керек еді. Әрі бізге лагерьге балалар жібертуге өтініш жасауы қажет болатын. Бірақ осының бірі де болмады”, – деді Қапшағай қаласы білім беру саласының жетекшісі Әсем Сүттібаева.

Ал ғибадат қызметкерлері өздерін ақтап әлек. Олар ата-аналардан балаларды оқыту үшін тіпті сенімхат алғандарын айтқан. Тексеріс кезінде лагерьден табылған күдікті кітаптар, сусындар мен сағыздарға құзырлы орган сараптама жасауда. Айта кетерлігі, лагерь “оқытушылары” полицейлерге белсенді қарсылық танытқан. Олар балаларға полицейлерге қандай да бір ақапарат беруге тыйым салып, жеткіншектерді бөлмеге қамап қойған.

Тергеу барысында секташылар сұйықтықты ұнтақтан жасағанынан басқа ешқандай түсінік бере алмаған.

Сол арада психологтар 11 баланы әңгімеге тартты. Белгілі болғандай, кей балалардың ата-аналары лагерьдің діни бағытта екенінен бейхабар болған.

Факті бойынша соталды тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар