Денсаулық
Небәрі 12 жастағы британдық қыз Эйнштейн мен Хокингті басып озды
- author «Ақ жол»
- 5 тамыз, 2015
- 867
Небәрі 12 жастағы британдық қыз Эйнштейн мен Хокингті басып озды
Британдық мектеп оқушысы Николь Барр өзінің 12 жасында Жер жүзіндегі ең ақылды адамдардың қатарына енгендігін мәлімдеді.
Оның ақыл-парасатының коэфициенті бүгінде 162-ге тең. Бұл көрсеткіш адамзаттың данышпандары Альберт Эйнштейн мен Стивен Хокингтен де жоғары. Қыз бала оларды екі балға басып озды.
Оның ата-анасы тест нәтижесін жариялады. Никольдің анасы Молли Бакленд қызының қай жұмысты болмасын, жан-тәнімен беріле атқаратындығын айтады. Ол өскенде дәрігер болуды армандайды екен.
Әкесі Джеймс Барр кіреберіс жолдарды жөндеумен айналысады.
Айта кетейік, ересек адамның ақыл-парасатының орташа деңгейі 100 балға тең. Егер көрсеткіш 140-тан асса оны данышпан деуге болады. Николь Барр тест нәтижесіне сенер-сенбесін білмей, қатты таңырқауда, деп жазады planet-today.ru.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




