Жамбыл облысында белгісіз жәндік шаққан адам көз жұмды
Қайғылы оқиға Жуалы ауданында орын алған, деп хабарлады Жамбыл облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінен.
«4 тамыз күні Жуалы АІІБ-не бір күн бұрын сағат түнгі 2:00-де Жуалы ауданының Орталық аудандық ауруханасына Ертай ауылынан «беймәлім этиологиясы бар кома» диагнозымен ОҚО-ның 25 жастағы тұрғыны жеткізілгені туралы хабарлама келді. Пациент есін жимастан көз жұмды. Куәгерлердің айтуынша, белгісіз жәндіктің шағу фактісі анықталған», - делінген ведомствоның хабарламасында.
Пациенттің денесі Тараз қаласының мәйітханасына жеткізілді, сот-медициналық сараптама тағайындалды.
"Ақ жол-Ақпарат".
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




