Денсаулық
Мемқызметке жаңадан келгендер бірден бастық бола алмайды
- author «Ақ жол»
- 5 тамыз, 2015
- 594
Мемқызметке жаңадан келгендер бірден бастық бола алмайды
Қазақстанда мемлекеттік қызмет реформасы күтіліп отыр. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астанадағы департаментінің қызметкерлері бұл реформаның барлық қағидасын таныстыруға көшті. Олар Астанадағы барлық мемлекеттік органдардағы кадр қызметтеріне олардың жұмысының қалай өзгеретінін түсіндіру үстінде, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Агенттік департаментінің баспасөз хатшысына сілтеме жасап.
Ведомство өкілдерінің айтуынша, Қазақстанда мансап моделіне өту жоспарланып отыр, оның аясында мемлекеттік қызметке бірінші рет келіп отырғандар өз кәсібін ең төменгі қызметтерден бастайды. Мансабындағы ары қарайғы жылжуы жеңілдетілген тәртіп бойынша ішкі конкурстың негізінде және қысқа мерзімде жүзеге асып отырады.
Мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс нәтижесіне ұдайы баға беріліп, бонустар төленеді. Бағалау мемлекеттік қызметтегі барлық жұмысшыға қатысты ("А" және "Б" корпустары). Оларды бағалау факторлық-балдық бағаны бойынша іске асырылады, бұл бағалау жүйесі сатылы лауазымды ғана емес, сонымен бірге, қызметкерге түскен жүктемені есепке алуды да бағамдауды қарастырады, мұнымен қатар, қызметкердің стратегиялық мақсаттар мен мемлекеттік органдардың мақсатына жетуіне қосқан үлесі есепке алынады.
Қазіргі уақытта жаңа Этикалық кодекс жасалып жатыр. Ол мемлекеттік қызметтің құндылығы мен ұстанымдарын бекітеді, сонымен қатар, шенеуніктердің жұмыстағы және тұрмыстағы өзін-өзі ұстау стандарттарын анықтайды.
Мұнымен бірге, алдағы 2016 жылдағы кешенді аттестацияның ерекше дарынды әрі алғыр мамандарды анықтауға арналғаны айтылады.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




