Қазақстан жоғары оқу орындарына 32 168 грант бөлінді
Қазақстан жоғары оқу орындарына 32 168 грант бөлінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, бөлінген 32 168 гранттың 500 орыны - ЖОО дайындық бөлімдері арасында, ал 29 668 грант 1 курсқа қабылданатындарға бөлінген, оның ішінде күндізгі оқу бөлімі гранттарының саны - 29 168, ал сырттай - 500.
"Білім гранттарын орналастыру құқығын конкурстық түрде анықталған 60 жоғары оқу орны алды. Бөлінген гранттардың ішінде 12,6 мың грант - техникалық және технологиялық мамандықтарды оқытуға, 6 мыңға жуық грант - педагогикалыққа, 2 690 грант ауыл шаруашылық және мал шаруашылық мамандықтарына қарастырылған", - дейді баспасөз қызметіндегілер.
Айта кетейік, биыл білім гранттарын алуға 67 377 адам қатысады, соның ішінде 53 162 адам - қазақ тілді, ал 14 215 - орыс тілді. Сонымен қатар, "Мәңгілік ел жастары - индустрияға!" жобасы бойынша студенттерді оқыту квотасы шеңберіне 6 457 адам қатысады.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




