«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Павлодарда қызды өрттен құтқарып, көзінен айырылған жігіттің көру қабілеті қалпына келді

Павлодарда қызды өрттен құтқарып, көзінен айырылған жігіттің көру қабілеті қалпына келді
ашық дереккөз
Павлодарда қызды өрттен құтқарып, көзінен айырылған жігіттің көру қабілеті қалпына келді
photo_19530Павлодарда бойжеткенді өрттен құтқарып, көзінен айырылған жігіттің көру қабілеті қалпына келді, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz Көз аурулары қазақ ғылыми зерттеу институтының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ақпарат құралының мәліметінше, жігіттің көру қабілетін қалыпқа келтірген - алматылық дәрігерлер. Оған алғашқы медициналық көмекті павлодарлық офтальмолог мамандар көрсетті. Алайда жарақатының ауырлығына байланысты Кириллға жоғары мамандандырылған офтальмолог дәрігердің көмегі қажет болған. "Мұндай көмекті ҚазҒЗИ квота бойынша тегін жасауға ұсыныс білдіргенімен, павлодарлық азамат Новосібірде ота жасатуды жөн көрді. Бірақ жарақатына байланысты жұмысынан айырылған Кириллдің мұндай қызмет түрін алу үшін қаражаты болмады. Оның тағдырына бей-жай қарамаған жандардың қолдауымен әлеуметтік желі арқылы емдеуге қажет сома жиналды", - делінген жарияланымда. Айта кетейік, Новосібір офтальмологтары оны тексергеннен кейін көру қабілетін қалыпқа келтіру екіталай екенін айтқан, осыдан кейін Кирилл өз отанында емделуді жөн көрген. ҚазҒЗИ-да жасалған күрделі отаның нәтижесінде бірінші тәуліктен кейін Кирилл көру мүмкіндігіне ие бола бастады. Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодарда бойжеткенді өрттен құтқарған жігіттің көзінен айырылғаны хабарланған болатын. Павлодар қаласының 32 жастағы тұрғыны Кирилл Терешко өрт кезінде адам құтқарып, ерлік жасаған. Оқыс жағдай Павлодар қаласының жекеменшік секторында болыпты. "Өрт кезінде терезе қирап, шынының сынығы көзіме кіріп кетті. Салдарынан оң көзім көрмей қалды", - дейді Терешко.

Ұқсас жаңалықтар