«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

ОҚО-да тұрғындар ұрлық жасамақшы болған күдіктіні өздері жазаламақ болған

ОҚО-да тұрғындар ұрлық жасамақшы болған күдіктіні өздері жазаламақ болған
ашық дереккөз
ОҚО-да тұрғындар ұрлық жасамақшы болған күдіктіні өздері жазаламақ болған

pogudxb87irb8cld8.ccc596f0ОҚО полицейлері ұрлық жасамақшы болған ер азаматты ұстап, өздерінше билік етпекші болған Сайрам елдімекенінің жергілікті тұрғындарын тоқтатты, деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап .

2015 жылғы 30 шілде күні сағат 23-00 шамасында Шымкент ҚІІБ Қаратау ПБ-нің қызметкерлері Сайрам ауылындағы оқиға болған жерге шығып, ауыл тұрғындары үйлердің біріне ұрлыққа түскен күдікті азаматтың бірін ұстап алып, оған орта дәрежедегі дене жарақатын салғанын анықтады. Екіншісі қашып кеткен.

Қазіргі таңда жергілікті жердің 1988 жылы туған тұрғыны, күдікті азамат Төлеби ауданындағы аудандық ауруханасында ем қабылдауда. Сайрам ауданы прокурорының шешімімен оның үстінен бас шарасы кепілдікке жіберілді.

Арада бір тәулік өткенде Қаратау ПБ-нің қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қылмыстың екінші қатысушысы — Шымкент қаласының 1984 жылы дүниеге келген тұрғыны анықталып, ұсталды. Қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.

Тергеу жұмысарын жүргізу барысында дене жарақатын салған күдікті ретінде — Сайрам ауылының үш тұрғыны анықталды. Олардың бірі 1986 жылғы жергілікті жердің тұрғыны өзінше билік ету жәйті бойынша ұсталып отыр.

Сотқа дейінгі тергеу барысында барлық сот сараптамалары тағайындалды, күдіктілердің кінәсі қылмыстық істің материалдарымен толық дәлелденді.

Осы жәйттер бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы 2 бөлімі «Бөтеннің мүлкін ұрлауға оқталу» және 389-бабы 3 бөлімі «Өзінше билік ету» бойынша қылмыстық істер қозғалды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Осы мәселеге байланысты Шымкент қаласының әкімі Д.Сатыбалды, Қаратау ауданының әкімі Ғ.Исмаилов, Сайрам ауданының прокуроры С.Орманов, Шымкент ҚІІБ бастығының полиция подполковнигі Д.Мейірхан, Шымкент ҚІІБ Қаратау ПБ бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі С.Тугелбаев және Сайрам елдімекенінің ақсақалдары жергілікті тұрғындарды жинап, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Ұқсас жаңалықтар