Солтүстік Қазақстандық жеңіл атлет Ирина Эктова 2016 жылғы Олимпиада ойындарына лицензияны иеленді
- author «Ақ жол»
- 4 тамыз, 2015
- 580
Солтүстікқазақстандық жеңіл атлет Ирина Эктова Рио-де-Жанейро қаласында өтетін 2016 жылғы Олимпиада ойындарына лицензияны иеленді. Бұл туралы СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлайды.
«Олимпиада лицензиясын алу үшін спортшыларға қатарынан үш рет секіріп түсуден 14,2 метрден аз болмайтын нәтиже көрсетуі тиіс болды. Біздің жерлесіміз бірінші мүмкіндікте болмаса да, оған қол жеткізе білді. Еуропа жарыстарының бірінде Иринаға бұл лицензияға қол жеткізу үшін небәрі бір сантиметр жетпей қалған. Ал Қазақстанның жастар чемпионатында ол 14,32 метрлік нәтиже көрсетіп, Олимпиадаға жолдаманың иесі атанды», - делінген хабарламада.
Бұдан басқа, Алматыда 22-28 шілде аралығында өткен Ғ.Қосановты еске алуға арналған жеңіл атлетикадан Халықаралық жарыстарда Ирина Эктова қатарынан үш рет секіруде бірінші орынды жеңіп алды. Қатарынан үш рет секіріп түсуде күміс жүлдені СҚО-ның тағы бір өкілі - Диляра Әбуова иеленді.
Сәрсенбі күні Ирина Эктова Петропавлдағы кезекті жаттығуын өткізеді, соның барысында БАҚ Бразилияда өтетін Олимпиаданың болашақ қатысушысымен сұхбаттаса алады.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




