Ақтөбеде WhatsApp арқылы терроризмді насихаттаған 8 адамға жаза кесілді
- author «Ақ жол»
- 3 тамыз, 2015
- 611
Ақтөбеде сегіз адамға "Террористік немесе экстремистік әрекетті қаржыландырғаны және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік" және "Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру" баптары бойынша жаза кесілді, - деп хабарлайды "Диапазон". Сотталғандардың ең үлкені - 38 жаста, ең кішісі - 21 жаста. Лаңкестікті насихаттағандары үшін олар үш жылдан алты жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды. Үкімді №2 қалалық сот шығарды.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 2014 жылдың сәуірінде сотталушылар WhatsApp арқылы "Оқы, көр, тыңда. Әрекет ет" деген атаумен конференц-чат ашқан. Осы арқылы Қазақстанның 40-тан астам тұрғыны бір-біріне "радикалды-экстремистік аудио және видеороликтер, мәтіндік хабарламалар" жіберген. Конференц-чатты ашқан 26 жастағы ақтөбелік Қайрат Бектенов (бұрын алаяқтық жасағаны үшін сотты болған) 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Дәл осындай жаза Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына да кесілді: 26 жастағы Бақтияр Сазанов пен 30 жастағы Әбдіхалық Сазанов. Олар кінәларын мойындамады, сонымен қатар ҰҚКД қызметкерлерінің өздерін азаптағандарын айтты. Қорғаушының айтуынша, ағайынды Сазановтар 30 шілдеде аштық жариялады. Олар сот үкіміне шағымданады.
Терроризмді насихаттады делінген қалған сотталушылар кінәларын мойындады. Шымкент тұрғыны Қанат Кенжебай, ақтөбелік жеке кәсіпкер Аманжан Ибрашев, ақтөбелік Айдар Қырбаев пен Атырау тұрғыны Жайнарбек Сапанов 5 жылға сотталды. Конференц-чаттың тағы бір мүшесі, "ЕТТ" ЖШС менеджері, оралдық Нұрлан Әйтімбетовті сот 3 жылға бас бостандығынан айырды.
ақпарат көзі tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




