Денсаулық
«Қазпошта» және Юнистрим жүйесі бірлесіп ақша аударымдары қызметін іске қосты
- author «Ақ жол»
- 3 тамыз, 2015
- 626
«Қазпошта» және Юнистрим жүйесі бірлесіп ақша аударымдары қызметін іске қосты
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазпошта» АҚ және ЮНИСТРИМ жүйесі бірлесіп ақша аударымдар қызметін іске қосты, деп хабарлайды АҚ-ның баспасөз қызметінен.
Юнистрим жүйесінің жедел ақша аударымдары «Қазпошта» АҚ-ның Қазақстан бойынша 2000-нан астам бөлімшелерінде қолжетімді. Жаңа қызметтің іске қосылуы клиенттерге өнім желісін кеңейтіп, есепшот ашпай-ақ сапалы жедел ақша аударымдары қызметін ұсынады. Адрессіз ақша аударымдары қызметі жіберушіге ақшаны аудару кезінде мемлекетті ғана көрсетіп, алушыға сол мемлекеттің кез-келген Юнистрим қызмет көрсету пунктінде ақшаны қабылдауға мүмкіндік береді.
«Біз өзара ынтымақтастыққа ашықпыз. Қызметтеріміздің тізімін жаңартып және толықтыра отырып ауыл тұрғындарын да керекті қызметтермен қамтуға ниеттіміз. Юнистриммен бірге ынтымақтастығымыздың арқасында, жедел ақша аударымдары қызметі ауылдар мен аудан орталықтары тұрғындарына да одан әрі қолайлы болады» - деді «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Азат Машабаев. Ақша аударымдары үшін комиссия - 2%. Бұл қызмет клиенттерге ыңғайлы сервис ұсынады - шетелдік валютамен аударылған ақшаны теңгемен қабылдап, сонымен қатар АҚШ долларымен, евро немесе ресейлік рубльмен жіберуге мүмкіндік береді. Юнистрим жүйесі бойынша ақшаны әлемнің 100-ден астам ТМД, Еуропа, Азия және т.б. мемлекеттерге жіберуге болады. Бүкіл әлемде оның 300 000-нан астам қызмет көрсету пункттері бар.ақпарат өзі kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




