«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Этно-мәдени бірлестіктер «Қазақ халқына алғыс күні» мерекесін атап өтуді ұсынуда

Этно-мәдени бірлестіктер «Қазақ халқына алғыс күні» мерекесін атап өтуді ұсынуда
ашық дереккөз
Этно-мәдени бірлестіктер «Қазақ халқына алғыс күні» мерекесін атап өтуді ұсынуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы этно-мәдени бірлестіктер «Қазақ халқына алғыс күні» мерекесін тойлауды ұсынуда. Аталмыш бастаманы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел - үлкен отбасы» жобасының аясында жүзеге асыру көзделіп отыр.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Қоғамдық келісім» РММ директоры Наталья Калашникова мәлім етті.

Айта кетейік, «Үлкен ел - үлкен отбасы» жобасын Елбасы «100 нақты қадамның» 86 қадамында тапсырған болатын. Н.Калашникованың айтуынша, бұл жоба халқымыздың біртектілігін қалыптастыруға бағытталған.

«Халқымыздың біртектілігін қалыптастыру үдерісі мәңгі жүреді. «Үлкен ел - үлкен отбасы» жобасының қағидаттарын құру, шаралар жоспарын жасақтау бойынша жұмыстар басталды. Мысалы, «Қазақ халқына алғыс күні» атаулы мерекесін атап өту, әлеуметтік көмек көрсету бойынша «Қайырымдылық керуені» шарасын өткізу, Жібек жолына қатысты сұхбат алаңдарын құру сияқты жобалар қолға алынады. Мемлекеттік әлеуметтік серіктестік негізінде оған этно-мәдени бірлестіктердің басшылары мен мүшелері белсенді қатысады», - деп атап өтті Наталья Калашникова.

Мекеме директорының сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта елімізде 900-ден астам этно-мәдени бірлестіктер бар. Олардың әрқайсысы Қазақстанның қоғамдық келісімін бекітіп қана қоймай, еліміздің мәдени саналуандылығын дамытуға, азаматтық біртектілік қағидаттардың орнауына үлкен үлестерін қосып жатыр.

«Осы тұрғыда этно-мәдени бірлестіктер мен ассамблеяның қоғамдық ұйымдары осы жобаның рөлі мен маңызын белсенді талқылауда. Сонымен қатар Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» аясында тағы бір тапсырма - жалпымемлекеттік міндеттерді орындауға этно-мәдени бірлестіктерді қатыстыру орындалуда», - дейді ол.

ақпарат көзі kazinform.kz

Ұқсас жаңалықтар