Қазақстандықтарға депутаттың "орнында болып көру" ұсынылды
- author «Ақ жол»
- 2 тамыз, 2015
- 395

Қазақстандықтарға "Елбасы жолы" киноэпопеясының түсірілім жұмыстарына түсу туралы ұсыныс жасалды, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі.
Түсірілім тобының мүшесі Елена Коханова әлеуметтік желідегі парақшасында түсірілім жұмыстарына 2, 8 және 7 тамыз күндеріне депутаттың роліне 35 жастағы қазақстандықтар қажет екенін жазды.
"Жұмыс атауы "Так сложились звезды" тұңғыш Президент туралы толықметражды тарихи көркем фильміне екінші пландағы ОК депутаттары (1984) роліне мына сипаттағы адамдар қажет: 35-80 жас аралығындағы ер адамдар, сонымен қатар, 35-55 жас аралығындағы әйелдер, түрлі ұлттың сымбатты, тұлғалы адамдары қажет. Киім формасы: қара түсті костюм, шалбар, галстук, ақ жейде, сол жылдардың көйлегі болса, ордендер мен белгілер болса әкелулеріңізге болады", - деп жазды ол.
Еске салайық, киноэпопеяның төртінші бөлімі "Тығырықтан жол тапқан" 2014 жылдың желтоқсанында көрсетілді. Картина "Елбасы жолы" киноэпопеясының бір бөлімі болды, оған дейінгілері "Балалық шағымның аспаны", "Отты өзен" және "Теміртау" деп аталған болатын. Фильм сценариін қазақстандық белгілі драматург-сценарист Шахимардан Құсайынов, Рүстем Әбдірашев пен Геннадий Земел Нұрсұлтан Назарбаев туралы кітап желісі бойынша бірігіп жазған. Режиссер - Рүстем Әбдірашев. Фильмде Мемлекет Басшысының замандастары, достары мен әріптестерінің де естеліктері ескерілгенін айта кеткен жөн.
ақпарат көзі tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Жауынгердің ерлікке толы орық жолы
- 7 маусым, 2025
Ақпарат
Таразда ауқымды Креаторлар форумы өтті
- 28 мамыр, 2025
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді