
Қазақ жігіті ағылшын фильміне түседі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматылық Димаш Әділет Ұлыбританиядан Instagram әлеуметтік желісі туралы деректі фильмге түсуге шақырту алды. Фильмде желі арқылы танымал болған адамдар жайлы баяндалады. Димаш Instagram-ға осыдан үш жыл бұрын тіркелген. Бастапқыда күнделікті суреттерін жүктеп, өміріндегі қызықтар мен алған әсерлерін ортаға салып отырған. Уақыт өткен сайын жазылушылары көбейіп, танымалдығы арта түседі.
«Танымал болуды мүлдем ойлаған жоқпын. «Көппен көрген - ұлы той» демекші, елмен бірге тіркелдім. Ал парақшама жазылушылардың саны артқан кезде желіні мүлдем басқа мақсаттарда пайдалануға болатынын түсініп, белсенділік таныттым. Атап айтқанда, жарты жыл бұрын жазбаларымның форматын өзгерттім. Енді тек суреттер ғана емес, әр түрлі тақырыпта шағын әңгімелер жазып, жариялай бастадым. Нәтижесінде, оқырмандарымның саны бұрынғыдан да еселене түсті», - дейді Димаш.
Бүгінде ол Швейцарияда білім алып жүр. Сондықтан оған жазылушылардың қатарында ағылшынтілділер өте көп. Соны ескеріп өзі де жазбаларын орыс және ағылшын тілдерінде жариялайды. Қазақ жастарының ешкімнен кем емес екенін дәлелдегісі келетін Димаш қатарластарының рухы асқақ, намысы биік және білімді болғанын қалайды, деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті.
ақпарат көзі kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Эндометриозды емдеудің жолы қандай?
- 22 шілде, 2025
Ауруды асқындырмай, алдын алған маңызды
- 22 шілде, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді