Атырауда жас кәсіпкер резіңкеден тас жасап шығарды
Атырауда жас кәсіпкер Амандық Жайбергенов резіңкеден өрнек тас төсемдерін жасап шығарды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Амандық Жайбергенов бұл ісін бастар алында өңірдегі нарыққа зерттеу жүргізіпті. Сөйтіп, үгітілген резіңкеден өрнек тас төсемдерін жасау ісін өрістетуге бекем бел буыпты. Сонан соң «Даму» қоры арқылы несие алыпты. Оған өзінің жинағынан қаражат қосқан. Жергілікті бизнес-инкубатордан барлық инфрақұрылымы дайын ғимаратты арзан бағаға жалға алып отыр. Кәсіпорнында жұмыс істейтін 4 адам ресейлік мамандардан шеберлік шыңдаған. Олар бір айдың ішінде 1 мың шаршы метрге жуық өрнек тас төсемін шығаруға қол жеткізді. «Егер ұсыныс болса, айына 3 мың шаршы метрге дейін өнім шығаратын мүмкіндігіміз бар», – дейді жас кәсіпкер Амандық Жайбергенов. Оның айутынша, үгітілген резіңке әуелі арнайы аппаратта сығымдалады. Содан кейін пеште қыздырылып, 7 сағаттан соң дайын өнімге айналады. Шикізат ретінде ескірген көлік дөңгелегі қолданылады. Оны үгітілген күйінде Ресейден алып отыр.Жолдасбек Шөпеғұл.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




