
Тараз қаласында «Мәңгілік Ел – болашағы біртұтас ұлт» атты патриоттар форумы өтті. Шараға мемлекеттік органдар, облыстық маслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың, этномәдени орталықтарының өкілдері, мәдениет және өнер қайраткерлері, ғалымдар, ЖОО оқытушылары, азаматтық белсенділер, дәрігерлер, ұстаздар, кәсіпкерлер, спортшылар, ҰОС, Ауған соғысының ардагерлері, студенттер, барлығы 400-ге жуық адам қатысты.
Форумның мақсаты-Елбасының «Мәңгілік ел» идеясы аясында ұлт бірлігін нығайту, бес халықтық реформаны іске асыруды талқылауда өңірдің барлық патриоттарының басын қосу, Қазақстандағы патриотизмді нығайту мәселелерін талқылау және шешу.
Сонымен қатар, азаматтардың бойына патриоттық сезімді қалыптастыруға ықпал ету, еліне деген мақтаныш сезімін арттыру және азаматтық міндеттерді жауапты атқаруға шақыру, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық иядеясын, Ұлт жоспары 100 нақты қадамды және «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруда азаматтық ұйымдардың, ғылыми-сараптамалық ортаның қатысу ауқымын кеңейту, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуындағы бірлесе атқарылатын жұмыстарға қоғамдық қызығушылықты арттыру болды.
Форум соңында міндеттер жүктеліп, қарар қабылданды. Қаралған негізгі міндеттер:
- «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісіне ұсыныстар енгізу, Ұлт жоспарының 4-ші институционалдық реформасын жан-жақты талқылау;
- қазақстандық патриотизмнің жаңа сипаттамаларының тиімді жақтарын бағалауға ұсыныстар енгізу;
- «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық иядеясын және Ұлт жоспары 100 нақты қадамды түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
- республикалық Патриоттар форумына қатысу үшін өңірлік делегегаттарды ұсыну.
Ұқсас жаңалықтар
Дәрігерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау маңызды
- 6 наурыз, 2025
Вакцинация бағдарламалары жалғасады
- 6 наурыз, 2025
Ақпарат
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Жамбылда жазасын өтеушілер Алғыс айту күнін атап өтті
- 1 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді