Таразда әйелінен сөз естіген еркек секіріп өлмек болды
Таразда суицид жасамақ болған азамат көршілерінің зәре құтын қашырды. Әйелімен ұрсысқан ол артынша бесінші қабаттан секірмек болған деп хабарлайды КТК арнасы.
Тапа-тал түсте балконнан асып, жерге қарғымақ болған жігітті кездейсоқ кетіп бара жатқан тұрғын байқап, құтқарушыларға хабар беріпті.
Олар шұғыл жеткенімен, өзіне қол салмақ болған азамат сөзге көнген жоқ. Тіпті дереу кері кетпесеңдер өзін жерге тастап жіберемін деп қиғылық салған.
Өлуге асыққан жігітті ақыры көршісі сабасына түсірді. Сөйте, удай мас екен. Әйелімен жанжалдасып, жарына ерегескенде суицид жасауға бекініпті.
Ұқсас жаңалықтар
Бол риза анашым, қолдағы осы бар...
- 28 сәуір, 2026
Жарылыс салған жара әлі жазылғанжоқ
- 28 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




