«Қалжыңбас» бір рет қоңырау шалып, бір жарым жылға сотталды
- author «Ақ жол»
- 29 шілде, 2015
- 392
Алматы қаласының Түрксіб аудандық соты еш жерде жұмыс істемейтін 1987 жылы туған Ф.Ибдиминовке қатысты қылмыстық іс қарады. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
2015 жылдың 14 маусымында шамамен 17.00 сағатта ол «Samsung DUOS» ұялы телефоны арқылы терроризм актісі туралы жалған хабарлама жасаған. Алматы қаласының ІІД жедел орталық басқармасының 102 нөміріне қоңырау шалып, пультте отырған кезекшіге «Алматы әуежайында бомба» деген қысқа хабарлама айтқан.
«Қалжыңбас» бұл хабарлама елді әбігерге салып, бекітілген басқарма тәртібі бұзылып, кейбір мемлекеттік мекемелерде, соның ішінде әуежайда да қызмет реті бұзылады деп есептеген.
Осы қылмысы үшін Ф.Ибдиминов тарапынан Алматы қаласының ТЖД қызметіне 30 336 теңге соммада, «Алматы қаласы Халықаралық әуежайы» АҚ-на 230 382 теңге соммасында, сонымен қатар ҰҚК-нің Алматы қаласы бойынша департаментіне, «Эйр Астана» АҚ авиакомпаниясына 2 453 714 теңге мөлшерінде материалдық шығындар келтірілген.
Мемлекеттік айыптаушының өкілі телефон террорисін Қылмыстық кодекстің 273 бабы бойынша кінәлі деп танып, 2 жылға бас бостандығынан айырып, жазаны жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеуді белгілеуді сұрады.
Ибдиминов өзі болса, жасаған әрекетіне шын жүректен қынжылатынын айтты.
Сот процесінде төрағалық етуші, судья А.Каргашова Ибдиминовты Қылмыстық кодекстің 273 бабында көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деген үкім жариялады. Аталмыш бап бойынша, 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылып, жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеу тағайындалды.
«Эйр Астана» АҚ-ның талап арызы толығымен қанағаттандырылып 2 453 714 теңге өндірілді, ал «Алматы қаласы Халықаралық әуежайы» АҚ-ның талап арызы ішінара қанағаттандырылып, 220 382 теңге өндірілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді