«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Халық сенімі – реформалардың іске асуын анықтайтын негізгі ресурс

Халық сенімі –  реформалардың іске асуын анықтайтын негізгі ресурс
ашық дереккөз
Халық сенімі – реформалардың іске асуын анықтайтын негізгі ресурс

Халық сенімі – мемлекеттік реформалардың іске асуын анықтайтын негізгі ресурс. Қазақстандықтар Елбасы ұсынған Ұлт жоспарының еліміздің қазіргі ғаламдық дағдарысқа қарсы жауабы екенін айқын сезінеді. Әсіресе, ауыл тұрғындары бес институционалды реформадан үлкен үміт күтеді. Бұған Президенттің «100 нақты қадам» - 100 нақты тапсырмасының жүзеге асырылуын насихаттаушы ақпараттық топтардың тұрғындармен кездесулерінде көз жеткіздік. =Жамбыл «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Несіпбеков Айша бибі ауылдық округінде тұрғындармен кездесу өткізді. Мақсат – Елбасы ұсынған Ұлт жоспарының мемлекет үшін маңыздылығын түсіндіру. Жиынды ауыл әкімі Райымбек Сейітов ашып, жүргізіп отырды. Нұрлан Несіпбеков тұрғындар тарапынан туындаған сұрақтарға жауап бере отырып, бес реформаның негізін құрайтын 100 нақты қадамның мән-маңызын айтып өтті. «Мемлекет басшысының 100 нақты тапсырмасын жүзеге асыру үшін халықтың қолдауы ауадай қажет. Елбасы 4-реформада біртектілік пен біртұтас ұлтты қалыптастыру мәселесін бекер қозғап отырған жоқ. Бірлігі бекем елдің алар асуы да биік болмақ», - деді ол. Кездесуде ауыл тұрғындары да өз пікірлерін ортаға салды. Зейнеткер Б.Қабашева Президент ұсынған «100 нақты қадамның» ел экономикасының дамуына оң әсерін тигізетін бағдарлама екенін айтып өтіп, осы реформалардың жүзеге асырылуы – өскелең ұрпақтың келешегінің кемелдігіне кепілдік болатынын қозғады. Айша бибі орта мектебінің директоры Ж.Қалыбаев бағдарламаның көпшіліктің ертеңге деген сенімін нығайтып, серпіліс бергенін айтты. =Т. Рысқұлов Құландықтар бес институционалды реформаны еліміздің дамуына серпін беретін бағдарлама деп бағалайды. Тұрғындар Елбасы ұсынған Ұлт жоспары туралы ойларын аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен дөңгелек үстелде ортаға салды. Ауыл әкімдері, аудандық әкімдіктің бөлім басшылары мен үкіметтік емес ұйым мүшелері бас қосқан жиында аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов келелі пікір айтып, ауыл тұрғындарын Президент ұсынған бағдарламаны жүзеге асыруға үлес қосуға шақырды. Басқосуда «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» көліктік дәлізі аудан аумағынан өтетін болғандықтан туристік саланы дамытуға мол мүмкіндік бары сөз етілді. Елбасы туристік кластерді дамытуда инвесторлар тарту мәселесін 57-қадамда атап көрсеткені белгілі. Құландықтар Мемлекет басшысының сара саясатын, тұрғындардың әлеуетін арттыратын бұл тапсырмасын өз игілігімізге тиімді пайдалануымыз керек дейді. =Сарысу Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен «Бес институционалдық реформа – баянды болашақ кепілі» тақырыбында семинар өткізілді. Сарысулықтар Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» туралы ой-пікірлерін айтып, бағдарламаның жемісін айқын көру үшін әрбір азамат белсенділік танытуы керек деген байламға келді. Сол күні Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстағы хатшылығының меңгерушісі Л. Лысова мен хатшылық жанындағы ғылыми-зерттеу орталығы мүшелерінің қатысуымен кездесу өткізілді. Жиында этномәдени бірлестіктердің мүшелері Ассамблеяның «Үлкен ел – Үлкен отбасы» кең көлемді жобасын әзірлеу және жүзеге асыруға қатысты ойларын айтып, өтініш-ұсыныстарын жеткізді. Сәулембай Әбсадықұлы, Нұрболат Әлдибеков, «Ақ жол». Дүйсенбек Орманов, журналист.

Ұқсас жаңалықтар