Құқық
Жамбыл облысында екі жігіт битум құйылған цистернаға батып кетті
- author «Ақ жол»
- 27 шілде, 2015
- 983
Жамбыл облысында екі жігіт битум құйылған цистернаға батып кетті
Тараз маңындағы Үшбұлақ стансасында орналасқан «Арсико Строй Инвест» ЖШС асфальт-бетон зауытында екі жігіт битум құйылған цистернаға батып кетті деп хабарлады Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінен.
Белгісіз себептермен битум болған цистернаға екі ер адам құлап түскен. Біреуі — 23, ал екіншісі — 21 жаста. Олар оқиға орнында қаза тапты.
Жамбыл облыстық ТЖД Жедел құтқару жасағының қызметкерлері екі адамның мәйітін алып шығып, полиция қызметкерлеріне тапсырды.
Ер адамдардың мерт болуы жағдайының себептері анықталып жатыр деді Жамбыл облыстық ТЖД.
"Ақ жол-ақпарат"
Ұқсас жаңалықтар
Қауіпсіздік пен адам құқықтарының арақатынасы қандай?
- 13 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




