ЖАҢҒЫРҒАН ӘУЕЖАЙ АЛЫП ӘУЕ КЕМЕЛЕРІН ҚАБЫЛДАЙТЫН БОЛАДЫ
Тараздағы «Әулиеата» әуежайында ұшу-қону жолағының құрылысы 2013 жылы мамыр айында қолға алынған болатын. Жаңа ұшу-қону жолағының ұзындығы – 3500, ал ені – 60 метр. Мұның өзі осында «Боинг», «Айрбус» ауыр әуе кемелерін қабылдауға мүмкіндік береді. Енді Таразға қонған ұшақтар әлемнің кез-келген ірі қалаларына ешбір техникалық кедергісіз ұша алады. Бүгінде әуежайда 4 кезең бойынша жүргізіліп жатқан құрылыс аяқталып келеді. Қазіргі кезде терминалда ішкі жылу жүйесі, сантехникалық жұмыстар, сылақ, электр жүйелері жүргізілуде. Қазандық пен сорап қойылып, әуеперроны көріктендірілуде. Желдету құрылғылары, есік және терезелер орнатылуда. Бұған қоса, әуе кемелеріне қызмет көрсету үшін перрондық арнайы техника мен жабдықтарды жеткізу үшін келісім-шарттар жасалуда. Аэровокзал және әуеперроны ғимараты Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен ережелерінің барлық талаптарына жауап береді. Нысан қазіргі заманғы технологиялық және бақылау қондырғыларымен қамтамасыз етіледі. Екі телескопиялық баспалдақ, жеті тіркеу тұғыры сағатына 200 жолаушыға қызмет көрсете алады. Сондай-ақ, жолаушылар 7 лифт пайдаланады. Мүгедектерге де барлық жағдай қарастырылған. Терминалда қайта жарақтандыру жұмысы толық аяқталған соң Тараздан Мәскеу, Ақтау және Атырауға, сондай-ақ, Анталия мен Дубайға тікелей чартерлік туристік бағдарламамен жолаушылар бағыты ашылады.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді