Магистральдық және кварталішілік жылу желілерін жөндеп жатқандықтан, Тараз тұрғындары екі ай ыстық сусыз отыратын болды.Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мақсат Ахаев хабарлағандай, облыс орталығындағы көпқабатты үйлердің тұтынушыларына ыстық су беруді тоқтату Қазақ хандығы құрылғанына 550 жылдығына арналған мерекелік шаралар басталғанға дейін жылу желілерін жоспарлы жөндеу қажеттілігінен туындады. «Тараздықтар күзге дейін ыстық сусыз шыдай тұруларына тура келеді, - деді М.Ахаев. - Маусымда жылу желілерінің тығыздығына гидравликалық сынақ жүргізілді, соның барысында 15 магистральдық желі, 54 кварталішілік жылу желісі жөндеуді қажет ететіні анықталды. Олардың ақауы жойылды. Ыстық суды қосқаннан кейін тағы жөндеуді қажет ететін 4 магистралдық желі анықталды. Енді солар бойынша жұмыс жүргізілмек». Барлық ақауларды жылыту маусымына дейін жөндеу жоспарланған. «ЖЭО-4 1 қазанда іске қосылады», - деді М. Ахаев. Таразда 4 мың метрден астам жылу желілерін ауыстыру қажет. Соның барысында кейбір таяуда асфальтталған жолдар, абаттандырған көшелер мен аумақтарды қазуға тура келеді.Салынғанына 50-70 жыл болған желілер моральдық та, физикалық та тұрғыдан ескірген. Қалалық әкімдікте ТКШ саласы бытыраңқылық күй кешіп тұрғаны айтылып жүр. «Коммуналдық желілер көптеген меншік иелерінің қолында. Бір-бірімен үйлесімді жұмыс атқармайды, - деді ҚазАқпарат тілшісіне ТКШ бөлімінің басшысы Бақытжан Жақсылықов. - Бір иесі болып, жылу, газ, су құбыры, кәріз жүйелерін бақылау қажет, соның жоқтығынан өткенде ғана төсеген жерді қазуға тура келуде. Мұның бәрі ысырап, шығын». Бұл тек Жамбыл облысында ғана емес, елдің басқа өңірлерінде де кездеседі. «Мұның бәрі республикалық бюджеттен ақша бөлуге қатысты. Барлық қала ақша сұрайды. Оған қай жер қазылып, қай жерге асфальт төселгенін ескермей, жыл сайын бюджет қаражат бөледі. Елде барлық ТКШ жаңарту жоспарларын бір ізге түсіру қажет. Сол кезде «оң қол сол қол нені қазатынын» білмейтін жағдай орын алмас еді. Енді әзірге әкімдікте мердігерлерден асфальт жөндеу барысында бүлінген жолды толықтай қалпына келтіруді талап ету ғана қалды», - деді ТКШ басшысы.
"Ақ жол-ақпарат"
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді