Денсаулық
Қазақ хандығының 550-жылдығына орай Тараздағы дайындық жұмыстарына еліміздің 8 облысы көмектесуде
- author «Ақ жол»
- 24 шілде, 2015
- 239
Қазақ хандығының 550-жылдығына орай Тараздағы дайындық жұмыстарына еліміздің 8 облысы көмектесуде
Бүгінгі күні Жамбыл облысында Қазақ хандығының 550-жылдық мерейтойына барынша дайындық жұмыстары жүріп жатыр,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Басты нысан Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған монумент болады. Аталған нысандағы құрылыс жұмыстарымен «Тараз-Арена» спорт сарайына қарама-қарсы аумақта «Жамбылхимстройинженеринг»ЖШС-і айналысуда.
Еліміздің сегіз облысы тарихи оқиғаны тойлау үшін Таразда дайындық жұмыстарын бастап кетті. Мысалы, Маңғыстау облысы «Тараз» қонақ үйінің аумағындағы нысанды қаржыландырады, Ақтөбе автобекет маңындағы көпірді қайта қалпына келтіруді, Павлодар – Жансая шағын ауданындағы жол өткелін, Солтүстік Қазақстан облысы автобекет ауданын жақсарту үстінде, Батыс Қазақстан облысы 100 миллион теңгеге жуық қаржы аударды, аталған қаражатқа Даңқ Аллеясында жұмыстар жүргізілуде.
Атырау облысының қолдауымен «Жаңа Кемер Құрылыс» ЖШС-і «Астана» шағым ауданының жанынан жаңа саябақтың құрылыс жұмыстарын бастап кетті, мұнда 2 үлкен субұрқақ орнатылады және қайыңдар мен шыршалар отырғызылады. Құрылыстың жалпы құны 50 млн.тг. құрайды. Сонымен қатар, Қостанай және Қызылорда облыстары бірігіп Қарахан кесенесінің жанынан аллея салып жатыр. Шығыс Қазақстан мен Оңтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласы да қаланы абаттандыру бойынша жұмыстарын бастайды.
Мерейтойға дайындық шеңберінде облыстың 17 басқармасына және 10 аудандық әкімшіліктеріне Тараз қаласының 26 орталық және магистарльды көшелерін бекітілген. Бүгін осы 26 көшеде абаттандыру, гүлзарларды орналастыру, тротуарларды қалпына келтіру, шамдар орнату сияқты және жеке сектордағы үйлердің қоршауларын жөндеу жұмыстары басталды. Бұған 500 млн.тг бөлу жоспарлануда. Осы көшелерде орналасқан 305 көпқабатты үйлердің қасбеттерін сырлауға 200 млн.тг. артық қаржы бөлінеді. Жергілікті бюджеттен қаланың 11 көшесін жарықтандыру, көріктендіру және көгалдандыруға - 269 млн.тенге бөлінді, сондай-ақ облыстық бюджеттен түрлі-түсті сәулелік көгалдандыр менаялдамаларды жаңартуға да қаражат қарастырылған.
"Ақ жол-ақпарат".
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді