Қарағанды облысында қабірден әйелдің мәйіті жоғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 шілде күні Теміртау қалалық ІІБ Ескі қалалық полиция бөліміне 42 жастағы әйелден арыз түскен. Ол өз арызында әпкесінің қайтыс болғанына тоғыз күнның өтуіне байланысты зират басына барып, әпкесінің қабірі ашық, ал мәйітінің болмай шыққанын полиция қызметкерлеріне хабарлады. Осыған байланысты криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері зират басында жұмыс істейтіндердің барлығынан жауап алды. Шамамен екі жарым сағат өткенде бұл іске қатысы бар деген күдікпен 20 жастағы тұрақты мекен жайы жоқ азамат ұсталды.
"Қазіргі таңда ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК 314-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр. Ол зират басында жұмыс істейтіндермен келіспей қалғандықтан, олардан кек алу мақсатында осындай іске барғанын мойындады", - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Қауіпсіздік пен адам құқықтарының арақатынасы қандай?
- 13 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




