«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Ізі суымай ұсталды

Ізі суымай ұсталды
ашық дереккөз
Ізі суымай ұсталды

Облыс полицейлері бір тәуліктің ішінде ізін суытпай үш қылмыстың бетін ашты, деп хабарлайды облыстық ІІД-ның баспасөз орталығы. Оның бірі қарақшылық, екеуі кісі өліміне қатысты. Шілденің 11-і күні 102-ге шалынған қоңырау бойынша, оқиға орнына жедел жеткен полицейлер аса ауыр дене жарақаты бар әйел адамның мәйітін тапты. Криминалдық полиция қызметкерлері 1954 жылы туылған З. есімді азаматтың өз әйелін қызғаныштан ұрып өлтіргендігін анықтады. Бүгінде күдікті уақытша қамақта ұстау изоляторында отыр. Сол күні азанғы сағат жетілер шамасында Жаңатас қаласының орталығында орналасқан қоймалардың бірінде ер адамның мәйіті жатыр деген хабарлама түскен. Жедел топ оның аса ауыр жарақаттан қаза болған 1971 жылы туылған азамат екендігін анықтап, күдікті ретінде 1978 жылғы азаматты ұстады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Облыс орталығындағы Қонаев көшесінің бойынан күндізгі сағат алтыда белгісіз екі жігіттің 1994 жылғы азаматшаға күш қолданып, қол сөмкесін алып кеткендігі туралы  ҚІІБ Жедел басқару орталығына шағым түсті. Қалалық ішкі істер басқармасының екінші полиция бөлімі қызметкерлерінің жедел әрекеті нәтижесінде С. және Б. есімді күдіктілер көп ұзамай құрықталды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде екен.

Шынар САҒИЕВА, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар