Астанада гипермаркетті емін-еркін кезген кеміргіш тұрғындарды тағы шошытты
- author «Ақ жол»
- 22 шілде, 2015
- 574
Астана тұрғындарын ең танымал гипермаркетті емін-еркін кезген кеміргіш тағы шошытты деп хабарлайды КТК арнасы.
Астанадағы кісі көп келетін гипермаркеттердің бірінде тышқан өрікті кеміріп тұрған суретті тұтынушылардың бірі түсіріп алған.
Соған қарағанда, жеміс-жидек пен азық түлік арасын емін-еркін аралап жүргенге ұқсайды.
Мұндай жайт елордада бірінші рет емес. 3 ай бұрын да дәмханалардың бірінде егеуқұйрық дайын тұрған кәуапқа ауыз салып, шу қыққан еді.
Кейін сол кафе жабылып тынған. Тышқанмен аты шыққан гипермаркеттің есігіне де қара құлып салынуы ғажап емес.
“Қазір “Green” гипермаркетін тексеріп жатырмыз. Егер кінәрат табылып жатса, заңға сай жауапкершілікке тартылады. Айыппұл саламыз. Тіпті, гипермаркет жұмысын тоқтатуы мүмкін”, – дейді Астана қалалық Тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары Федор Пеев.
Ұқсас жаңалықтар
Бол риза анашым, қолдағы осы бар...
- 28 сәуір, 2026
Жарылыс салған жара әлі жазылғанжоқ
- 28 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




