Қарағандылық тұрғынның әйеліне ерекше құттықтау жасағаны көпшілікті таң қалдырды
- author «Ақ жол»
- 21 шілде, 2015
- 862
Қарағандылық тұрғынның аспанда қалықтап, әйеліне ерекше құттықтау жасағаны көпшілікті таң қалдырды. Азамат босанған әйеліне парашюттен секіру арқылы алғыс білдірген.
Бұл туралы informburo.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.
Әлемнің түпкір-түкпірінде ер кісілер сәби сүйдірген әйелдеріне алғыстарын түрлі жолдармен білдіріп жатады. Бірі перзентхана маңында билеп жатса, екіншілері өткен-кеткенге гүл шоқтарын сыйлайды. Ал қарағандылық парашютші мүлдем ерекше құттықтау түрін ойлап тапты.
Виталий есімді азамат АН-2 ұшағымен аспанға көтеріліп, парашютпен секірген. Сол аралықта ол өзімен бірге “Сүйіктім, қыз сыйлағаның үшін рахмет” деген жазуы бар плакатты алып түскен.
15 шілде күні Виталийдің отбасы бір балаға толықты. Осылайша сүйіктісіне алғысын білдірмек болған азаматтың құттықтауы талайдың назарына ілікті.
Бүгінде видеоқұттықтау әлеуметтік желіде күн санап танымалдылыққа ие болуда.
Ұқсас жаңалықтар
Бол риза анашым, қолдағы осы бар...
- 28 сәуір, 2026
Жарылыс салған жара әлі жазылғанжоқ
- 28 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




