Ұлы Алла тағала Құранда былай дейді: «(Мұхаммед ғ.с.) Мүміндерге айт: (Бөгде әйелдерге қараудан) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Бұл олар үшін өте жақсы. Рас, Алла олардың не істегендерінен хабар алушы. Мүмін әйелдерге де айт: «(Бөгде ерлерден) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Сондай-ақ зейнеттерін көрсетпесін…» («Нұр» сүресі, 30-31-аяттар). Порнография ХХІ ғасырдың обасы болып отыр. Әлем бойынша порноиндустрияның орасан көп өнімдерінің шығып жатуы, олардың кез-келген адам үшін қолжетімді болуы, оны таратқан адамдардың жасырын қала алуы дүниежүзінде 75 миллион адамның ұятсыз көріністерге тәуелділіктен арыла алмай, өз өмірлерін құрдымға жетелеуіне әкеп соғуда. Бұл – өте үлкен бизнес. 2006 жылы «ересектерге арналған» контентті өндірушілер 13 миллиард доллар табыс тауып, олардың аудиториялары АҚШ-тың үш жетекші жаңалықтар арнасының көрермендерінен асып түскен. 2007 жылы порнография өндірушілері 20 миллиард доллар тапса, осы сипаттағы интернет-алаңшалардың иелері өз кірістерін үш есеге арттырды. Мына сандарға назар аударыңыз. Әлемде әрбір секунд сайын порно-ресурстарға кіру үшін 3075,64 доллар жұмсалады. Әр секундта 28 258 адам порнографияны қарап отырады. Әрбір 39 минут сайын АҚШ-та жаңа порнографиялық видео пайда болады. Интернетке жүктелетін барлық видеолардың 35 пайызы – порнография. Желіде отыратындардың 42,7 пайызы порнографияны қарайды. Әйелдердің 30 пайызы және еркектердің 70 пайызы – ұятсыз көріністерге тәуелді. Интернет желісінде 4 200 000 порносайт бар және жыл сайын 13 000 жаңа порнофильм өмірге келеді. Әр күні интернетте порнографияға қатысты 68 миллион сұрау жолданады. АҚШ порноиндустриясы оның иелеріне жылына 3 миллиард доллар табыс әкеледі. АҚШ-та шамамен 40 миллион адам жиі-жиі порносайттарды қарайды. Социологтар, психологтар мен биологтар қазіргі таңда неліктен порнографияның осынша танымал болып кеткендігін және оның адамға қандай кері әсері барын анықтаған болатын. АҚШ-тағы отбасылардың 47 пайызы өз өмірлерінде порнографияның проблема болып табылатынын айтқан. Ұятсыз көріністерге тәуелділердің 40 пайызы өз отбасыларынан айырылғандарын, қаражат жағынан қиындық көретіндерін және үштен бірі жұмыстарынан қол үзгенін мәлімдеген. АҚШ-тағы ажырасулардың 68 пайызы порнографияның себебінен орын алуда. Бұл кесел педофилияның да шектен тыс артуына себепші болып отыр. Бүгінде интернетте 1 миллионнан астам кәмелетке толмағандардың қатысуымен орын алған ұятсыз видеолар бар көрінеді. Порноға тәуелділіктің бес сатысы бар: 1. Алғашқы қызығушылық. Порноға тәуелділердің көпшілігі тыйым салынған видеолармен өте жас кезінде танысады. 2. Тәуелділік. Оған тәуелді адам ұятсыз видеоға деген құмарлығын баса алмайды да, әлсін-әлсін оны қарай береді. Порнография оның өмірінің бір бөлшегіне айналады. 3. Эскалация (үдеу). Тәуелді адам бірте-бірте бұрын жиіркеніш тудыратын анайы видеоларды көре бастайды. 4. Десенсиализация (сезімталдықты жоғалту).Оған тәуелді адамдар, тіпті, ең анайы, тұрпайы контенттің өзіне қанағаттанбайтын болады. 5. Көзімен көргенді іс жүзінде жасауға тырысады. Дофамин (ұятсыз көріністерді көру кезінде бөлінетін рахаттану гормоны) дозаларының үнемі бөлінуінен нейрондарда FosB протеині жинақталады да, ол ми құрылысының бұзылуына әкеліп соғады. Алдымен, ол адам үшін қоршаған ортасынан, өмірден рахат алу қиындай бастайды. Одан кейін ол тек порнографияны ғана сезінетін болады, одан басқа нәрсенің бәрі ол үшін сүйкімсіз әрі мәні жоқ болады. Ең ақырында, адамның ерік күші жоғалады: бұл – маңдай алды ми қыртыстарының өзгеріске ұшырағаны деген сөз! Құрметті мұсылмандар, Шайтанның азғыруынан сақтаныңыздар! Алла тағала арам қылған нәрсені жасамақ түгіл, оған жақындаудан бас тартайық! «Ислам және өркениет» сайты.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді